Көрмеміз – ең үздік

Жақында Шымкент қаласында ұйымдастырылған республикалық «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінде Ақмола облысы ұсынған көрме үздік деп танылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен ұйымдастырылған жәрмеңкеге Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің және еліміздің 5 облысының өкілдері қатысты.  Ақмола облысынан барған  делегация құрамында облыстық туризм басқармасы мен Щучинск шипажайы өкілдері және қолданбалы өнер шеберлері болды.
Ақмолалықтар Щучинск-Бурабай курортты аймағы, Зеренді демалу аймағы, Қорғалжын табиғи қорығы және Көкшетау табиғи паркі тәрізді 40-тан астам туристік нысандар бойынша жарнамалық өнімдерді ұсынды.
Жәрмеңкеде Ақмола облысы мен Щучинск шипажайының туристік әлеуеті  жөнінде бейнематериал көрсетілді. «Ақмола облысының суретшілер одағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдеріне жәрмеңкеге қатысушылар жоғары баға берді.  Жәрмеңке аясында
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуде өңірлік туризмнің рөлі» тақырыбында көрнекілік сессиясы өтті. Республикалық «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінің қорытындысына сай Ақмола облысының өкілдері  «Ең үздік көрме экспозициясы» аталымы бойынша үздік деп танылды. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында Ақмола облыстық туризм басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы арасында туризм саласы бойынша әріптестікті одан әрі дамыту жөнінде меморандумға қол қойылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар