Нанның 124 түрін шығарады

Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында орналасқан «Ақсай-Нан» серіктестігі тәулігіне 10 тонна нан өнімдерін шығарады. Осы жетістікке кәсіпорынның өндіріс меңгерушісі Баршагүл Дәрменнің қосқан үлесі мол.
Ол еңбек жолын Есіл қаласындағы наубайханада бастады. Осында 9 жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтады. 2013 жылы Краснояр селосына қоныс аударып, «Ақсай-Нан» серіктестігіне жұмысқа орналасты. Алғашында қамыр бөлуші, қамыр илеуші шебері болып жұмыс істеді. Еңбек ете жүріп, жоғары білім алды. Кәсіпорын басшылығы оның ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігін жоғары бағалап, технолог, кейін өндіріс меңгерушісі лауазымын сеніп тапсырды. Баршагүл Дәрмен ұн мен нан өнімдерінің сапалылығына жіті көңіл бөледі. Бүгінгі күні серіктестік 124 аталымдағы өнім өндіреді. Нан өнімдері Көкшетау қаласындағы 9 дүкенде және облысымыздың бірқатар аудандарында, сондай-ақ іргелес Солтүстік Қазақстан облысында сатылады. Сөредегі өнімдер арасынан 75 теңге тұратын әлеуметтік нанды көруге болады. Жұртшылық тарапынан жақсы бағасын алған «Ақсай нанның» өнімдеріне қашанда сұраныс жоғары.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар