Өр Алтай өнеріне сүйсініпті

Қазыналы Алтай өңірінде қазақ драма театрларының ХХІІІ республикалық фестиваліне қатысқан Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры кеңестік тоталитарлық жүйеде билік құрған Н.Хрущевтің тың игеру саясатына орай, қазақ елінің солтүстіктегі бес облысын Ресейге, мұнайлы Маңғыстау өңірін Түркменияға және Шымкент облысының бірнеше аудандарын Өзбекстанға қосу жөніндегі Мәскеу билігіне жалғыз өзі қарсы тұрған арыс-тан мінезді асыл ер, қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің ұлы ерлігін сомдайтын қойылыммен қатысып, «Тарихи тұлғаны ұлықтағаны үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Қойылымның авторы әрі қоюшы режиссері Ерсайын Төлеубай.
Сөз арасында республикалық фестивальға өр Алтай мен Атыраудың арасын кең жайлаған қазақ жерінің барлық өңірінен сегіз бірдей театр ұжымы қатысқандығын айтқан жөн. Шынайы сахна шеберлері арасында ақмолалықтар жарқырай көрінді. Театрлардың сахналаған дүниелеріне көрнекті театр және кино актері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов, режиссер Мұрат Ахманов, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы Әлия Бөпежанова, өнертану ғылымының докторы, театр сыншысы Бақыт Нұрпейісова, өнертану ғылымының кандидаты, доцент Амангелді Мұқан  тәрізді білікті мамандар баға берді.
«Алдаспанды» киелі сахнада алдаспандай жарқыратқан театр актерлары Төлеубай Көңбай, Құмарбек Қалқатаев, Қайрат Мырзаболатов, Жарас Қалдаров, Жанар Құсайынова, Еркін Тасболатов, Нұрсұлтан Қыдырбеков, Асылбек Тәшімовтер шынайы шеберліктің үлгісін көрсетті.
–Киелі Көкше жерінен барған соң жауапкершілік те жоғары. Таланты мен талабы ұштасқан, ауыздығымен құс тістеп тұрған кілең жүйріктің арасында барымызды салып, бағымызды жандырдық,–дейді театр директоры Марал Жақыпова, – жақсыдан сабақ алдық, өнердің өрісін кеңейттік.       
Саңлақтардың сәтті сапарына көрермен де көзайым болып жатса, қуаныштың шырайы одан бетер алаулай түсері анық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар