Мерей

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі, танымал журналист Байқал Байәділдің есімі елімізге белгілі.  Қазақ журналистикасында оның өзіндік қолтаңбасы бар.

Байқал Байәділдің шындыққа суарылған шырайлы да шымыр мақалалары мен журналистік зерттеулері оқырмандарын бейжай қалдырып көрген емес. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардан бастап, халқымыздың рухани- мәдени құндылықтары мен шежірелі тарихын терең қаузаған танымдық мақалаларымен танымал болған журналистің тілі өткір, ойы айшықты болып келеді. Жерлесіміздің ұлт  руханиятына сіңірген еңбегі ескеріліп, «Тұлға» аталымы  сыйлығына ие болуы бізді де қуантты.
«Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің құрамындағы облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің ұжымдары Байқал Қайырлыұлын осы марапатымен құттықтайды және шығармашылық жаңа табыстар тілейміз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар