Бақытты отбасылар көп болса екен

Облыс орталығындағы «Достық» үйінде «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Отбасы – тіршіліктің тірегі» атты кездесу болып өтті.

Партияның облыстық филиалы мен облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы бірлесіп ұйымдастырған игі шара отбасылық құндылықтарды сақтауға, ата-ана мен бала арасындағы кіршіксіз махаббатты, туыстық қарым-қатынастарды насихаттауға арналды.   
Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Болат Бекқожинов жиналғандарға ізгі тілектерін арнап, қазақстандық әр отбасының береке-бірлікте өмір сүруін тілесе, кездесуде сөз алған ерлі-зайыпты Руслан мен Тахмина Мусиновтар шаңырақ көтерудің, баланы дұрыс тәрбиелеудің маңыздылығы жайлы әңгімелеп,  ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, бірқатар отбасылық жұптар естелік сыйлықтармен марапатталып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар