Елімізде жұқпалы індет қайта бас көтере бастады

Еліміздегі коронавирус ахуалы қайта жандана бастағаны алаңдатып отыр. Мәселен, өткен тәулікте Қазақстанда 83 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы расталған. Жалпы, еліміз бойынша бүгінгі күнге дейін 108984 адам ауырған.

Біздің өңірімізде өткен тәулікте алты адамнан коронавирус індеті анықталды. Аймақтар бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында науқастар санының өсімі жоғары.
Негізгі деректерге сүйенсек, әлемде Covid-19-ға шалдыққандар 38 миллион адамнан асқан екен. Бір миллион 84 мың адам қайтыс болса, 26,3 миллион адам аурудан жазылған.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны Covid-19 тестімен расталған 108 984 адамның 104 мыңнан астамы жазылып, 1771-і қайтыс болған. Коронавирус жұқтырған бірақ «ілеспе аурудан қайтыс болды» деген жүздеген адам бұл статистикаға кірмей отыр.
Covid-19 жөніндегі ұлттық статистикаға ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясының дерегі де қосылмай келеді. Қазақстанда 1 тамыздан 13 қазанға дейін пневмонияның бұл түріне 34 913 адам шалдыққан, олардың 27 709-ы жазылса, 370-і қайтыс болған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар