Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның негізгі, соның ішінде орнықты даму, қарусыздану және ядролық қару таратпау режимін нығайту, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды.
Тараптар Қазақстан ұсынған халықаралық бастамаларды, әсіресе, маусым айында бесінші отырысына Пан Ги Мун қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелерді де қозғады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар