Орманымыз оталып, отқа оранбасын

Орман – жер құндылықтарының, біздің Отанымыздың негізгі табиғи байлықтарының бірі. Ол дәрілік өсімдіктер, оттегі және басқа да көптеген өмір көздерінің негізі. Орман жер бетіндегі тіршілік нәрі, сондықтан, біздің міндетіміз – оны адамдардың заңсыз ағаш кесуі мен ұрлауынан, от қаупінен ұрпақ үшін сақтау.

Облыста орман өрттері жиі кездесетін құбылыс, әсіресе, ұзақ уақытқа созылған құрғақшылыққа байланысты өрт қаупі мол болды. Орман қазақтың ұсақ шоқылықтарында бірнеше жүздеген гектарларға жайылады. Өрттер ормандарға үлкен зиян және экономика залал келтіретіні белгілі. Мәселен, бағалы сүректер бұзылады немесе жанып кетеді, орманның табиғи жаңаруы жойылады. Орман өрттерінен кейін әлсіз ағаш құрамдарына орманның зиянды жәндіктері орналасады және тез көбейеді, содан кейін олар көршілес сау екпелерге ауысып, оларды бүлдіреді және құнсыздандырады. Орман өрттері үшін заңда қылмыстық жауапкершілік көзделген.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 жылғы 19 наурыздағы «2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» № 27-5-6/65 бұйрығына сәйкес Ақмола облысының аумағында өрт қауіпі маусымы 6 сәуірден басталды. Осыған байланысты әр азамат ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері және санитарлық талаптарды бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылатындығын немесе айыппұл түріндегі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын білуге тиісті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 341-бабына сәйкес орманды жою немесе зақымдау:
1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан жою немесе зақымдау, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірсе, мүлкі тәркіленіп, 2000 АЕК (1 айлық есептілік көрсеткіш – 2 778 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт жою жолымен немесе өзге де жалпыға бірдей қауіпті тәсілмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан жасалған қасақана жою немесе зақымдау мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзу:
1. Жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттің шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірілмесе, жеке тұлғаларға 25 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер жеке тұлғаларға 100 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Егер сіз орманда болсаңыз, жабдықталмаған жерлерде от жақпаңыз, темекі шеккенде және жаңғыш материалдармен жұмыс істегенде сақ болыңыз. Келесі ұрпаққа жасыл байлықты көздің қарашығындай сақтайық!
Дәурен ЕРЖІГІТОВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар