Өз еңбегімен абыройы мен беделі өскен жан

Тумай жатып тағдыры тәлкекке түскендер бар. Солардың бірі бүгінгі күні сексеннен асып, еңбегінің зейнетін көріп отырған Қаратай Оразалин. Солардың бірі дейтініміз, әкесі зұлмат соғысқа алынғанда ол ана құрсағында қалған. Бұл аз десеңіз, 1942 жылы әкесінен «қара қағаз» келгенде жарық дүниені көргеніне небары алты ай енді толған екен. Жүдеу тірлік, жадау көңіл жанын қинаған анасы Қадиша Серкетайқызы Айдаболдан ағайындарының шақыруымен Қарсақ ауылына бөбегін құшақтап, қоныс аударуға мәжбүр болды.

Анасы әлдиін әркімнің үйіне кезектесіп қалдырып, алғашқы күннен колхоздың сауын фермасына орналасқан. Жанын салып еңбектенді. Озат атанды. Аудандық деңгейдегі депутат та болғаны бар. Мұның барлығы қаршадай Қаратайының қамы, жетімдік қасіретін көрмесін деген жанталасы еді. Бүлдіршін жүрек осыны сезетіндей, белі қатаймай шаруақорлығын байқатты. Мал қайырып, отын-су қамдады, масақ теріп, кіре тартқан күндер жалғасып жатты. Мектепте де осы күйбең. Бітпейтін тірлік, тұрмыс ауқымының зіл батпаны, көз жасының кермек дәмі ешқашан ұмытылмайтын шығар. Әйткенмен, тағдыр тауқыметі балаң жүректі қатайтып жібермегені ғанибет. Білім қуып, алыс арманға да қол созбады. Өмірдің биік өткелі еңбекте екенін ерте ұғынды. Оған тезірек араласу басты мақсат саналып, ұмтылыстың алғы шебінде жүрді.Анасы әлдиін әркімнің үйіне кезектесіп қалдырып, алғашқы күннен колхоздың сауын фермасына орналасқан. Жанын салып еңбектенді. Озат атанды. Аудандық деңгейдегі депутат та болғаны бар. Мұның барлығы қаршадай Қаратайының қамы, жетімдік қасіретін көрмесін деген жанталасы еді. Бүлдіршін жүрек осыны сезетіндей, белі қатаймай шаруақорлығын байқатты. Мал қайырып, отын-су қамдады, масақ теріп, кіре тартқан күндер жалғасып жатты. Мектепте де осы күйбең. Бітпейтін тірлік, тұрмыс ауқымының зіл батпаны, көз жасының кермек дәмі ешқашан ұмытылмайтын шығар. Әйткенмен, тағдыр тауқыметі балаң жүректі қатайтып жібермегені ғанибет. Білім қуып, алыс арманға да қол созбады. Өмірдің биік өткелі еңбекте екенін ерте ұғынды. Оған тезірек араласу басты мақсат саналып, ұмтылыстың алғы шебінде жүрді.Тың игеру дүрбелеңі басталған 1954 жылы Подлесное селосындағы (қазіргі Бәйтерек) үш айлық тракторшылар курсына қабылданып, арнайы куәлік алды. Бірақ, мұны тракторға отырғыза салған ешкім болмады. Тек 1954 жылы соғыс ардагерлері Байбек Бекішев, Қайролла Хамзин, Балуан Сұлтанов, Изат Түктібаев, Қазбек Бәйкенов, Орал Зікриндердің қолхаттық қамқорлығымен 16 жасында тракторшының көмекшілігіне алынған. Әке көрген азаматтардың ақ батасы, тілеуші көңілі қабыл болғандай. Аз уақыттың ішінде Қаратайыңыз Алтайдың тісті дөңгелекті алып тракторларын ұршықша иіретін өнер шығарды. Туа біткен табандылық, комсомолдық жалын еңбеккүн жоспарын асыра орындамай трактордан түспейтін дағдыға бастады. Жарыста үлкендерден қалыспай, тіпті озық тұратын күндер туды. Тәжірибелі диқандардың арқасынан қаққандағы қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын еді. Осының нәтижесінде 1957 жылы омырауына «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі тағылды.Алыстағы арманды жақындататын күн туды. 1959 жылы Зеренді МТС-інде оқып, кең ауқымды (профильді) механизатор атанса, келесі жылы автомобиль жүргізуші куәлігін алды. Мамандығын одан әрі жетілдіріп, екінші және бірінші класты шофер қатарына қосылды. Чистополь ауданындағы «Кировец» тракторларын жүргізушілер курсын, Көкшетаудағы оқу комбинатында автокраншы оқуын да үздік бітірді. Баян Жанғалов бірінші хатшы болып тұрған жылдары тіркемелі және өздігінен жүретін комбайндармен астық жинаған Қаратай Оразалиннің суреті аудандық, облыстық «Құрмет тақтасына» ілініп тұрды. Бұған қоса, 1973 жылы еңбек екпіндісіне «Москвич 412» жеңіл машинасы сыйға берілді.Қ.Оразалин өңірдегі звенолық әдістің алғашқы бастаушылары қатарында үлгі танытты. Оның звеносындағы Көкеш Ағыбаев, Қайырбай Түктібаев егін орағында алдына жан салмайтын саңлақтар еді. Әттең, Қ.Түктібаев өндірістік жағдайда мерт болғаны өкінішті. Оның орнына алынған Николай Маринец пен Владимир Иродовский де жанып тұрған жігіттерден еді. Ұжымдық жұмыстың қорытындысы бойынша аудан, облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрініп жүрді. Еңбектері де елеусіз қалған жоқ. Звено жетекшісі Қаратай Оразалин 1980 жылы үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Трактор-егіс бригадасы бригадирінің көмекшісі ретінде де ұйымдастыру қабілетімен көзге түскені дүйім жұрттың есінде.     Ал, 1981 жылы Қаратай басқарған ұжым ауданда бірінші, облыста екінші орынды иемденіп, чемпиондық лентасымен және «Алтын масақ» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, жігіттердің барлығы үкімет тарапынан «темір тұлпарлар» мінді. Анығырақ айтсақ, Қаратай Оразалин «Волга», Николай Маринец пен Владимир Иродовский «Жигули» автомашиналарын, Көкеш Ағыбаев «Урал» мотоциклін тізгіндеді. Ал, 1986 жылы озат механизатор Қ.Оразалиннің екінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталуы Көкше өңіріндегі айтулы оқиға екендігі анық. Бұған қоса, Қаратай ағамыздың звеносы туралы одақтық «Труд», «Сельская жизнь» газеттері мақала жариялағаны өңірге ортақ мерей саналады. Ол кісі туралы бұрынғы облыс басшысы, Социалистік Еңбек Ері Оразбек Сұлтанұлы Қуанышевтің «Каравай Казахстана», «Зерделі Зеренді» кітаптарында жылы лебіздер білдірілді.Қаратай Оразалин зейнеткерлерге көрсетіліп отырған құрметке ризашылығын білдірді. Облыс әкімі Сергей Кулагин аты жазылған қол сағатпен марапаттапты. Қазіргі облыс әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді ауданын басқарған 2012 жылы 50 еңбек ардагеріне Бурабай курортында демалуға тегін жолдама беріп, «ЕXPO-2017» көрмесін тамашалатып келгендігін ризашылықпен айтып жүреді.Өзі де жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде айналасына шарапат төгуден жаңылған емес. Қарсақ ауылы тұрғындарын жұмылдырып мектеп ауласындағы еңселі жерге соғыс құрбандарына арнап мемориалдық тақта орнатты. Жастарға ақыл-кеңес беруден жалықпай, жастарға тағылым-тәрбие беруді абыройлы борышы санайды. Қымбат жеңгеміз екеуі бес баладан тараған немере, шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.Бақберген Амалбек,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар