Алаяқтың арбауына түспеңіз киберкеңістіктегі қауіпсіздік қағидалары

 ҚР ІІМ деректері бойынша соңғы үш жылда Қазақстанда киберқылмыстар екі есе өскен. Егер 2018 жылы мұндай 4,2 мың қылмыс тіркелсе, ағымдағы жылғы 9 айда олардың саны 8,3 мың болған.  Өкінішке орай, интернет-алаяқтықтың шамамен 20%-ы ғана ашылады.

 Fingramota.kz азаматтарды ерекше мұқият болуға, өздерінің дербес деректерін ешкімге хабарламауға және кибергигиенаны мұқият сақтауға шақырады.

 Бүкіл әлемде электрондық коммерцияның жылдан жылға  өсу үрдісі байқалады, адамдар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырмауға, ақыны интернет кеңістігінде де, офлайн да картамен төлеуге тырысады. Мұны қолма-қол ақшасыз айналым үшін ынталандыру ретінде бонустар мен кэшбектер жүйесін ұсынатын банктердің өздері де қолдап отыр. Қолма-қол ақшасыз төлеуден анық пайда бар болғанымен, қауіпсіздік жайында да ұмытпау қажет. Адамдар электрондық әмияндарды көп пайдаланған, банктердің мобильдік қосымшаларының көмегімен шоттарды төлеген, түрлі қаржы операцияларын жасау үшін интернет-банкингті пайдаланған сайын, киберкеңестікте басқаның ақшасына көз салғандар да көбейе түсуде.

Кез келген банк немесе қызметі электрондық коммерцияға негізделген ірі ұйым ең алдымен өз пайдаланушыларының ақша қаражатының қауіпсіздігін қамтамасыз етері сөзсіз. Алайда интернеттегі қауіпсіздік тек өздеріне ғана байланысты деп қамсыз болуға болмайды. Басқаның ақшасын алғысы келетін киберқылмыскерлер түрлі әдістер мен айлаларды пайдаланады. Олардың ішінде әлеуметтік инженерия да, кейбір пайдаланушылардың цифрлық және қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігі де, азаматтардың қарапайым ұқыпсыздығы бар бар.

Өзіңізді интернеталаяқтардың арбауынан барынша алшақ ұстау үшін сақтауға тиіс негізгі қауіпсіздік шараларын еске саламыз.

  1. Күмәнді сілтемелерді қарамаңыз, сайттың түпнұсқалығына назар аударыңыз.

Фишингтік сайттарға (жеке деректерді, банк картасының, электрондық төлем жүйелеріндегі аккаунттардардың, әлеуметтік желілердің деректерін алып қоятын және т.с.с. сайттар) сілтемелер көбінесе поштаға, мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы келеді.

Оқырмандарды ертегі акциялар, лотерея ұтыстары немесе өтірік мұрагерлік туралы еліктіретін хабарлар қызықтырады. Қаскүнемдер адамның әуестік және оңай олжа табу құмарлығы сияқты қасиеттерімен «ойнайды». Егер сілтемені қарау және сауалнаманы толтыру жөніндегі ұсыныс күмән туғызатын болса, онда оны жою керек, егер сілтемені қарап шыққан болсаңыз, онда таныс емес веб-ресурсқа қандай да болсын жеке деректеріңізді енгізуден бас тартыңыз. Осыны фишингтік сайт деп болжауға әбден мүмкін болады. Егер сізге белгілі интернет-дүкенге немесе сауда алаңына сілтеме жіберсе, онда браузердің мекенжай жолындағы URL-мекенжайдың дұрыс екеніне назар аударыңыз. Қауіпсіз сайттың мекенжайы http:// емес, https:// әріптік белгілеуден басталуға тиіс. Сонымен қатар, домен атының дұрыс екенін анықтап алыңыз. Алаяқтар көзбен көргенде ұқсайтын және тұпнұсқасымен ұқсас доменді қасақана тіркеуі мүмкін және пайдаланушылардың дербес деректерін ұрлап, олардың сайт-клондардың көмегімен алдайды. Сонымен қатар, электрондық поштаға немесе мессенджерлерге белгісіз адамдардан келетін файлдарды ашпау керек. Сондай-ақ, егер бұл орындалатын кеңейтулері бар сайттар (.exe, .bin, .app, .msi, және т.с.с.) болса. Оларда сіздің деректеріңізге қол жеткізіп қана қоймай, бұғаттан босату үшін ақы төлеуді талап ете отырып құрылғыны бұғаттауға мүмкіндігі бар вирус бағдарлама іске қосылуы мүмкін.

  1. Дұрыс софт және қауіпсіз желі.

Антивирустық бағдарламалар Cіздің компьютеріңізді бағдарламалық бұзып кіруден қорғап қана қоймайды, сонымен қатар веб-серфингті қауіпсіз етуге көмектеседі. Атауында «Internet Security» деген сөздер бар антивирустар осы міндеттер үшін өте қолайлы. Трояндық вирустардың бар-жоғын алдын ала тексеріп тұруды естен шығармау керек, бұл да ықтимал қауіп болуы мүмкін. Интернетте ақша операцияларын жүргізу кезінде өзіңіздің жеке құрылғыңызды қолданған дұрыс, көпшілік пайдаланатын компьютерлерде және жалпыға қолжетімді интернет желілерінде деректерді енгізбеу керек. Тегін Wi-Fi-ды пайдаланбаған жөн, әсіресе егер Сіз интернет-төлемдер жасағыңыз келсе. Кибералаяқтар мұндай желілер арқылы деректерді оп-оңай біліп алады.

  1. Құпия сөздерді ешкімге, тіпті достарыңызға және жақындарыңызға да айтпаңыз.

CVV/CVC коды (карточканың артқы жағындағы үш таңбалы код) – бұл ақша жіберуге, төлемдер және т.б. жасауға болатын құпия код. Көптеген банктер тек CVV/CVC кодын сұраумен шектелмейді, көбінесе бір реттік SMS парольдар арқылы немесе 3D Secure жүйесінің көмегімен операцияны екі факторлы растауды сұрайды. Егер Сіз осы кодты алаяқтарға хабарласаңыз, олар Сіздің картаңызға қол жеткізіп қана қоймай, одан барлық ақшаны тез аударып алады.

Мобильдік қосымшаларда,  электрондық әмияндардағы аккаунттарда және т.б. авторизациялауға арналған парольдерге келетін болсақ, мұнда аса мұқият болу керек, жеңіл парольдер қоюға болмайды. Көп жағдайда пайдаланушылар пошталық мекенжайға және барлық әлеуметтік желілердегі аккаунттарға және интернет-дүкендерге бірдей пароль қойып, қателікке ұшырайды. Егер олар сіздің аккаунтты бұзғысы келетін болса, бұл кибералаяқтар үшін міндетті барынша жеңілдетеді. Кейбіреулер мұны түсінбей, таныс емес сайтқа немесе форумға осындай «әмбебап» парольмен тіркелуі мүмкін. Мәселен, сайттың иесі осы сайтқа тікелей қолжетімділігі бар дерекқордың көмегімен сіздің қандай парольді таңдағаныңызды біліп қояды. Егер парольдердің бәрі бірдей болса, онда сіздің барлық  аккаунттарыңызға және жеке кабинеттерге жол ашық болады.

Интернеткеңістік орасан зор және онда алаяқтардың алдауына түсіп кетуге болатын жерлер өте көп. Көшірме сайттардың, фишинг сайттардың, электрондық поштадағы спамдардың, мессенджерлердегі сілтемелердің, сілтеме бойынша өтуге шақырған әлеуметтік желілердегі посттардың, тауарларға күмәнді төмен баға қойылған хабарландырулар тақтасының және көптеген басқаларының мақсаты бір – азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасына ие болу. Сондықтан мұқият болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар