Тимбилдинг нәтижелі аяқталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақмолалық жастар үшін тимбилдинг болып өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «қоғам дамуының негізі – сананың ашықтығы» деп айтылған болатын. Сондай-ақ, онда сананың ашықтығы деген жаңа технологиялардың ағынына алып келетін өзгерістерге дайын болу керектігіне баса назар аударылған. Осыған орай, облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысына сәйкес, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық бірлестігі өңір жастарына «Рухани жаңғыру: жастар санасының ашықтығы» атты тимбилдинг өткізді.
Жалпы, тимбилдинг деген команда құру дегенді білдіреді. Яғни, ұжымдық топтардың ауызбіршілігі мен ұйымшылдығын және тапқырлығын танытатын жарыстық ойын түрі ретінде командалық рухты көтеретін іс-шара. Аталмыш тимбилдингке алғашқы күні жастармен жұмыс жасайтын облыстық және Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысса, келесі күн өңірлік волонтерларға арналды. Іс-шара барысында тренер Сая Сағынғали жастарға топ құру, топпен жұмыс істеу, креативті ойлау, еріктілік, өз ойын жетік жеткізу дағдыларын үйретті.
Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жобаларды талқылай отырып, өз жобаларын жасауға, қорғауға үйрету. Сондай-ақ, тимбилдинг барысында, әр жас өз қала, аудан, ауылына өзгеріс әкелетін жобалар үлгісін жасап, қаржы табу көздерін талқылады.
Тимбилдинг соңында жастар қауымы «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық бірлестігінің жетекшілігіне іс-шарадан алған әсерлерін білдіріп, өз алғыстарын жеткізді және ұйымдастырушылар оларды арнайы сертификаттармен марапаттады.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар