Табиғатты сақтағанымыз – болашақты ойлағанымыз

Президент ел халқына арнаған Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екенін, бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысып жатқанын, бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайтынын айтты.

Қазір бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленіп, Парламентке ұсынылды. Мемлекет басшысы Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруды тапсырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Енді биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарлар бекітіледі. Бес жыл ішінде орман алқабына 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді.
Ақмола облысындағы мемлекеттік орман қорының жері 1 миллион 058 мың 784 гектарды, оның ішінде орман алқабы 384 мың 213 гектарды, жекеменшік орман қоры 996 гектар құрайды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік 13 орман шаруашылығына 405 мың 442 гектар, 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 237 мың 678 гектар, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына 281 мың 46 гектар жер тиесілі. Сондай-ақ, Сандықтау өндірістік оқу орман шаруашылығы 25 мың 864 гектар, «Жасыл Аймақ» мемлекеттік кәсіпорны 87 мың 518 гектар, «Республикалық орманның селекциялық орталығы» республикалық коммуналдық кәсіпорынның Солтүстік өңір филиалы 1468 гектар, Қазақстан Респуб-ликасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «НАНОЦ» ұлттық акционерлік қоғамының «ҚазНИИЛХА» серіктестігі 14 гектар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы 1320 гектар, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының Астананы желден қорғайтын ағаш дистанциясы 17 мың 530 гектар алқапты алып жатыр.
Инспекция өз жұмысын бекітілген жоспарға сәйкес атқарады. Облыстың құқық және табиғатты қорғау қызметімен бірлескен шаралар жоспары бар. Инспекция жұмысы орман және жануарлар әлемі заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Инспекция мамандары бүгінгі күнге дейін 95 жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс өткізіп, орман заңнамасы 253 мәрте бұзылғанын анықтады. Оның ішінде 76 оқиғаға әкімшілік айыппұл салынды. Биылғы жылы мемлекеттік орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің 35 фактісі анықталды. 573 текше метр ағаш оталып, оның 9,79 текше метрі тәркіленді. Сотқа 9 материал, ішкі істер органына 19 материал жіберілді.
2020 жылы өрт қауіпі бар маусымға дайындық мақсатында мамандардың оқуы өткізілді. Орман қорғау еңбеккерлерінің білімі жергілікті жерлерде тексерілді. Ағымдағы жылдың көктемінде испекция барлық орман иелерінің қауіпті өрт маусымына дайындығын тексерді. Оның барысында дайындық шаралары жүргізілгені анықталды. Әр орман шаруашылығында жанар-жағармай қоры жасалды. Орман айналасындағы шөп жағылды. Облыста «Казавиалесоохрана» республикалық коммуналдық кәсіпорнының 3 тікұшағы орманды әуеден бақылайды.
Жыл басынан бері орман өртінің 50 оқиғасы тіркелді. Орман өрті тұрғындар кінәсінен 4 мәрте, найзағайдан 8 рет, белгісіз себептерден 38 мәрте туындады. Орман өртінің жалпы шығыны 7 миллион 615,72 мың теңгені құрады. 188,2 текше метр ағаш жанып кетті. Материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Орман өртінің алдын алу мақсатында облыстағы орман иелерімен 2109,5 шақырым минералданған жолақ жыртылды.
Орман шаруашылығы және жан-
уарлар әлемі комитетінің бұйрығына сәйкес орман өртінің барлық фактілері бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның барысында өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша орман мекемесі еңбеккерлерінің іс-қимылы мен өкілетті органның ақпараттануы талданды. Инспекцияда демалыс және мереке күндері кезекшілік ұйымдастырылған. Орман өртінің әр оқиғасы тіркеледі. Баспасөз беттерінде инспекцияның барлық мамандары орманды көздің қарашығындай қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде мақалалар жариялады. Мұндай талап орман күзетінің еңбеккерлеріне де қойылады. Олар осы тақырыпта еңбек ұжымдары мен білім шаңырақтарында лекция оқиды. Биылғы жылы облыстың орман және табиғатты қорғау мекемелері 2782,1 гектар алқапқа ағаш көшеттерін отырғызды. Орманды қорғау мекемесі орманның жағдайы жөнінде тұрақты мониторинг жүргізеді. Жыл сайын құмырсқа илеуі жасалып, жер қазу жұмысы, қажет кезінде күрес шарасы жүргізіледі. Жалпы облыс орманының санитарлық жағдайы қанағаттанарлықтай. Осы бағытта биылғы жылы 495,4 гектар алқаптың ағашына санитарлық тазарту жүргізілді.

Лашынтай ДҮЙСЕНОВ,
Ақмола облыстық орман және
жануарлар әлемі шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар