Көкшетауда жаңа сервис орталығы салынуда

Облыс орталығының шығыс беткейінде ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын және жөндейтін «Евразия Групп Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа сервис орталығының құрылысы жүріп жатыр.

Құрылыс алаңы 10 гектар аумақты алып жатыр, ал тікелей сервис орталығының алаңы шамамен 13 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс компаниясының бас мердігері – «Д.А.К.А.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Әкімшілік кеңсе ғимаратынан басқа, қызмет көрсету орталығында уақытша сақтау қоймасы, қосалқы бөлшектер қоймасы, оқу шеберханасы, агрегаттық шеберхана, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған жабық және ашық көрме алаңдары болады.
Сондай-ақ, сервис орталығының аумағында тест-драйв алаңы, техникаға арналған аумақ, ашық кеден қоймасы, техниканы құрастыруға және калибр-леуге арналған алаң, жеңіл және жүк машиналарына арналған тұрақ болады деп күтілуде. Оның құрылысы 2021 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
«Евразия Групп Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «John Deere» компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьюторы. Оның серіктестері «JCB» британдық компаниясы, «Vaderstad» швед компаниясы, «Grimme» неміс компаниясы, сондай-ақ, «Евразия Групп Қазақстан» американдық «Lindsay» компаниялары. Осындай ірі компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан серіктестіктің алдағы алар асулары алда деп білеміз.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар