Сүдігер көтеріліп, тұқым құйып алынды

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 2021 жылдың көктемгі егісіне дайындық ретінде 880,9 мың гектар алқаптың сүдігері көтеріліп, қамбаларға 529,8 мың тонна тұқым құйылды.

Биылғы жылдың орақ науқанында облыс диқандары 4446,7 мың гектар алқаптан 5247,1 мың тонна астық жинап алды. Гектар берекесі 11,8 центнерден айналды. Егін орағында Зеренді, Сандықтау аудандарының диқандары ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Мәселен, зеренділіктер 204,8 мың гектар жерден 306,8 мың тонна, сандықтаулықтар 303,7 мың гектар алқаптан 454,1 мың тонна астық жинады. Сондай-ақ, Зеренді ауданының диқандары 47,5 мың гектар, сандықтаулық 80,1 мың гектар жердің сүдігерін көтеріп, қамбаларға 21,8 мың және 50,9 мың тонна тұқым құйып алды. Сондай-ақ, астықты өңір болып саналатын Жарқайың ауданы 80 мың, Жақсы ауданы 66,1 мың, Есіл ауданы 66,4 мың гектар алқаптың сүдігерін көтерді. Жарқайыңдық диқандар қамбаларына 63 мың, жақсылықтар – 55,9 мың, есілдіктер 45,5 мың тонна тұқым құйды. Ең көп сүдігер Сандықтау (80,1 мың гектар) мен Бұланды (78,6 мың гектар) аудандарында көтерілгенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда облыс диқандары ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге кірісті.
Мұның өзі келер жылдың егісіне облыста дайындық жұмыстарының бүгіннен басталғандығын, ал, тиісті әзірлік пен тиянақты жұмыстың барында кез-келген жауапты науқанның жүгі де жеңіл болатындығын көрсетсе керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар