Татар-башқұрт әндері мен билерінің қайнары

Ақмола облыстық татар-башқұрт мәдениеті орталығының және «Ғалиябану» халықтық ансамблінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында концерт ұйымдастырылды.

Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі өз этносының тілі мен мәдениетін сақтауға, жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді. Осы ретте, «Ғалиябану» халықтық ансамблінің ұлттық өнерді насихаттаудағы рөлін ерекше айта кету керек. «Ғалиябану» кәсіби шығармашылық ұжым саналады. Ол екі жыл бұрын этномәдени бірлестік жетекшісі Рафаиль Сулькарнаевтың жетекшілігімен «Халықтық ұжым» атағын алған болатын.
Мерейтойлық концертте татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдарының орындауында қазақ және татар әндері шырқалып, би ұжымдары ұлттық билерді биледі. Шара соңында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар