Құрылысшылардың жауапсыздығынан…

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапары барысында Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.

Өңір басшысы алдымен, Щучинск қаласында салынып жатқан 75 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Сергей Кимнің айтуынша, тұрғын үй өткен жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Мердігердің жауапсыздығынан  «сақалды құрылысқа» айналды. Құрылыстың қазіргі барысы облыс басшысының көңілінен шықпады. Тұрғын үй әлі жылу жүйесіне қосылмаған. Соның салдарынан ішкі жұмыстары тоқтап тұр. Облыс әкімі мұндай мердігерді құрылыс жұмыстарына жібермеу қажеттігін айтты.
Биыл Щучинск қаласында 4 бу қазандығы, Зеленный бор кентінде бір бу қазандығы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұндай жағдай қала тарихында бұрын-соңды болған емес. Өңір басшысы аудан орталығындағы №18 бу қазандығында болып, жұмыс барысымен танысты. «Термо-Транзит» коммуналдық кәсіпорнының бас инженері Андрей Еманковтың айтуынша, нысандарды жылу жүйесіне қосу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Бұған дейін қаладағы Луговой көшесіндегі 196 «А» бес қабатты тұрғын үйге коммуналдық қызмет жөнді көрсетілмей келген  екен. Биыл тұрғындардың өтініштері ескеріліп, тұрғын үйге күрделі жөндеу жасалды. Облыс басшысы тұрғындармен жүздесіп, жағдайларын сұрап білді. Жұмыс сапарының соңында аудан активімен кеңес өткізіп, жаңа міндеттер жүктеді.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар