Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрметті сайлаушы! 2021 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы

Егер Сіз дауыс беру күніне дейін 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.
Сіздің сайлаушылар тізімдерінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың кепілі болып табылады.
Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды.
Сіздің нақты сайлау учаскесі аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.
Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті арқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болған жағдайда, Сіз баратын жеріңіздегі әкімдікке Сізді сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Егер Сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркелген болсаңыз, Сіз 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен өзіңіз уақытша болған жердегі әкімдікке жүгінуге құқылысыз.
Құрметті сайлаушы! Құқықтық сауттылық танытыңыз және өзіңіздің сайлау құқығыңызды іске асырыңыз. Өзіңізді сайлау-шылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет.
2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімі туралды мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі.
Өз таңдауыңызды жасаңыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар