Достықтың жарқын айғағы

Әлемге зер салып көрейікші?! Алауыздық, қарулы қақтығыстар, өзара келіспеушіліктер… Украина, Таулы Қарабақ, Беларусь. Басқа да алыс-жақын шет мемлекеттер соғыстың зардабы нендей ауыртпашылықтарға душар ететінін ойламай жатып, қит етсе егесуге дайын тұрады.

Оларға қарап іштей қынжыламын да, өзіміздің Қазақстандай бейбіт елде, ұлтаралық келісім мен бірлік бұлжымас заңға айналған мемлекетте тұрып жатқаныма тағдырыма шүкіршілік етемін. Бүгінде біздің достығымыздың шырқын ешкім де бұза алмайды. Оларға қарап іштей қынжыламын да, өзіміздің Қазақстандай бейбіт елде, ұлтаралық келісім мен бірлік бұлжымас заңға айналған мемлекетте тұрып жатқаныма тағдырыма шүкіршілік етемін. Бүгінде біздің достығымыздың шырқын ешкім де бұза алмайды. Туған жерімізге деген құрметіміз шексіз. Қазақ тілі – Отанымыздың басты тілі, оны мүмкіндігіміз бен қабілетімізге қарай үйреніп жатырмыз. Өз басым, қазақ тілін жетік меңгерген бірқатар орыс ұлтының өкілдерін білемін. Атбасар ауданында ұзақ жыл селолық округтің әкімі болып жұмыс істеген Елизавета Германовна Рудковская қазақтармен мемлекеттік тілде еркін сөйлесе беретін. Ал, мен білетін тағы бір азаматша ауылдық мектептің мұғалімі Ольга Первова қазақ тілінен сабақ берді. Зеренділік Оксана Солопова қазақ тілін жақсы меңгергенімен қоса, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқиды.Бүгінде балалары кішкентай кезінен ұлы Абайдың тілін меңгерсін деген ниетпен ұл-қыздарын балабақшалардағы қазақ топтарына беріп жатқан өзге ұлт өкілдері көптеп саналады. Зеренді ауданында ондаған интернационалист отбасы тұрады. Солардың бірі – Қошқарбай ауылында тұратын бес қазақ отбасы балалар үйінен 14 орыс баласын асырап алып, ізгілік пен мейірімділіктің, ұлтаралық достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Қазір ол балалар отбасында ата-ана мейіріміне бөленіп өсіп келеді. Мемлекеттік тілде сөйлейді, жергілікті халықтың дәстүрлеріне  құрметпен қарайды. Осы ауданға қарасты Баратай ауылында Ыбыраевтар отбасы үш орыс баласын патронаттық тәрбиеге алды. Жаңа ата-аналарына деген ризашылық пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде балалар өз есімдерін қазақшалауды сұраған. Ауданымызда мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Біз өзге ұлттың өкілдері болғанымызбен, бәріміз егемен еліміз Қазақстанның бір бөлшегіміз. Достығымыз жарасып, өміріміздің біте қайнасып кеткеніне қаншама жыл өтті. Соғысты да, аштықты да бірге көріп, соңғы нанымызға дейін бөлісіп жедік. Ал, қазір бәріміз тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында еңбек етудеміз. Қастасу бізге жат! Біз – жүрегі жомарт, кеңпейіл қазақстандықтармыз және лайым солай болмақпыз!
Светлана КИМ, Зеренді аудандық «Зерен» газетінің редакторы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы журналистер клубының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар