Қазақстанның мемлекеттік статистикасына – 100 жыл

Статистика адам тіршілігі әрекетінің барлық салаларында кездеседі. Көптеген үкіметтің шешімдері, коммерциялық міндеттер мен әлеуметтік-қоғамдық қызметтер статистикалық деректерді жинаудан және талдаудан басталады. Олар кез-келген жоспардың негізі, экономикалық, саяси және қоғамдық қызметінің маңызды элементі болып табылады.

Статистиканы білу – шетел тілдерін немесе алгебраны білгендей. Ол кез-келген уақытта және әртүрлі жағдайларда пайдаға асу мүмкін (А. Боули). Ақиқатты тану тәсілі ретінде статистика мәртебесін біртіндеп қалпына келтіру қазіргі уақыттың тән сипаты болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында белгілеген болатын.
«Алдағы жоспарларды назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Бұрын мындай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Енді осы агенттік қайтадан тұтас мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығына айналады. Агенттік ұсынған реформалар нақты іске асатын және ең бастысы, барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті болуға тиіс. Реформалар жөніндегі жоғары президенттік кеңес құрылады. Бұл кеңестік шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі» деді онда Мемлекет басшысы.
2020 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасына 100 жыл толады! Елбасының 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 8 қараша күні Статистика күні болып жарияланды және кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді.
Қазақ АССР Үкіметі өзінің 1920 жылдың 8 қарашасындағы қаулысымен «Қазақ АССР мемлекеттік статистикасы туралы Ережені» бекітіп, АССР Статистикалық басқармасын құрды. Сондықтан, 1920 жылдың 8 қарашасы Қазақстанның бірыңғай орталықтандырылған статистикалық органдарының құрылған күні деп саналады. Мемлекеттік статистиканың алғашқы жылдарында кәсіпорындарды есепке алу және олардың есептіліктеріне ерекше назар аударылатын болатын. Санақ жүргізу, зерттеу және өзге де жұмыстар нәтижесінде республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытудың бірінші кезеңдік мәселелерін шешуге қажетті, экономика жағдайын сипаттайтын статистикалық деректер жиналған.
1920 жылы Көкшетау қаласында уездік статистикалық бюросы құрылған. Өткен ғасырдың 60 жылдары облыстық статистика басқармасының машина есептеу станциясы (МЕС) құрылып, статистикалық жұмысты механикаландыруға бастама жол ашылды. Сол жылдарда облыстық статистика басқармалары мен оның аудандық бөлімшелерінің есептеу жұмыстары механикаландырған құралдарымен жабдықталуы басталды. Бухгалтерлік, фактуралық машиналар, табуляторлар, содан соң, перфорациялық техникасы пайда болды. Статистика дамуында ең маңызды оқиғалар болды. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды, ұлттық есеп жүргізушілік жүйесі енгізілді. Төлем теңгерімі, сыртқы сауда, баға статис-тикасы құрылды, статистикалық жіктеу халықаралық жүйесіне ауысты. Мемлекеттік статистикалық тіркелімі құрылды, респонденттерге есептік жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін статистикалық байқаудың іріктемелі тәсілдерін қолдануы кеңейді.
XXI ғасырдың басынан бері Қазақстан Республикасының ұлттық статистикалық жүйесін дамытудың және қайта жаңартудың жаңа кезеңі басталды. Реформалау кезеңінде Дүниежүзілік Банкімен бірлесе отырып, «КАЗСТАТ: Ұлттық статистикалық жүйесін нығайту жобасы» бағдарламасын 2012 жылдан 2016 жылға дейін іске асыру маңызды рөл атқарды. Бағдарламаның негізгі бағыты – халықаралық тәжірибе мен әдістемелігіне сәйкес, пайдаланушыларды уақытылы және дұрыс деректермен қамтамасыз ету үшін Ұлттық статистикалық жүйенің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың жаңа ақпараттық сұраныстарын ескере отырып, жоба Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесінің әдіснамалығын жетілдіруге мүмкіндік берді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында үкімет кәсіпорындар, ғалымдар және қоғам мұқтаждарына назар аударды. Өзге елдер мен халықаралық ұйымдардың білімдері мен озат тәжірибелері енгізілді. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың серпінді дамуы және оны кеңінен қолдану, мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін жаңарту есебінен экономика, қоғам және статистика салаларында жаңа ақпараттық орта құрылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде, деректерді жинау және өңдеу бойынша үдерістерді автоматтандыру мақсатында «е-Статистика» интегралданған ақпараттық жүйе енгізілді.
1999 және 2009 жылдары екі ұлттық халық санағы, 2006 жылғы ауыл шаруашылық санағы тәрізді республикалық маңызы бар ірі ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2019 жылдан бастап кезекті ұлттық халық санағына дайындық жүргізілуде, ол 2021 жылы өтеді деп жоспарланған. Алдағы санақ халық мәліметтерді жинаудың Қазақстанда алғашқы рет жаңа тәсілін қолданумен Интернет арқылы «www.sanag.kz» арнайы сайтында өткізіледі. Жаңа тәсілмен қатар, санақ жүргізушілермен пәтерлерді аралау дәстүрлі әдісі қолданылады. 2005 жылдан 2016 жылға дейін статистикалық органдарымен отбасындағы денсаулық, балалар білімдері мен тәрбиесі мәселелеріне арналған халықты мульти-индикаторлық кластерлік зерттеудің (МИКЗ) 3 раунды өткізілді. Бұл халықаралық зерттеу бағдарламасы мыңжылдық даму бағыттарына және басқа келісілген халықаралық мақсаттар, жоспарлар мен көрсеткіштерге жету мониторингісі үшін негізгі көрсеткіштерді өлшеу, балалар мен әйелдер жағдайлары туралы өзекті ақпаратты алу мақсатында БҰҰ Балалар қорымен
(ЮНИСЭФ) әзірленген.
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы халықаралық бағдарлама бойынша 2018 жылы «Ұрпақ және гендер» бір жолғы зерттеу өткізді. Оның қорытындылары бойынша отбасының қалыптасуы, отбасындағы гендерлік және ұрпақаралық өзара қатынастар туралы деректер алынған. Сонымен қатар, қылмыс деңгейі, құқық қорғау органдарына халықтың сенімділік деңгейі, гендерлік ерекшелігін ескеруімен тұрмыстық озбырлық тәрізді өзекті және маңызды мәселелер бойынша бірқатар зерттеулерді атап өту керек. Бүгінгі күні Қазақстанның статистикалық жүйесінде жоғары халықаралық стандарттарына сай статистикалық байқауларды жүргізу кезіндегі ғылыми негізделген әдістер мен көзқарас көп орын алады. Мемлекеттік статистикасы жетіліп, қоғам үшін айқын және қолжетімді болды. Ресми статистикалық ақпаратқа пайдаланушылар үшін еркін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Сұраныс тұрақты өсіп тұрған жағдайда бұл өте маңызды. Пайдаланушылар иелігінде орасан зор ақпараттық ресурстар бар. Статистика комитетінің сайтында өзекті және үнемі толтырылып отыратын ақпарат алуға болады. Пайдаланушыларға үш мыңнан артық статистикалық көрсеткіштер бойынша ресми статистикалық ақпаратты ұсынуға мүмкіндік беретін сыртқы Интернет-ресурсында «Талдау» ақпараттық-аналитикалық жүйесі орналастырылған.
Ресми статистикалық ақпаратқа қанағаттанушылығы бойынша қоғам пікірін зерттеу мақсатында жыл сайын пайдаланушыларды сұрастыру жүргізіледі. Пікір сұрастыруға мемлекеттік мекемелер, бизнес, білім мекемелері мен басқа санаттардың өкілдері сияқты 100-ден аса пайдаланушылар қатысады. Пайдаланушылардың көп бөлігі жарияланатын ақпарат көлеміне қанағаттанатындарын білдірді. Ақпарат алудың ең қолайлы тәсілі деп пайдаланушылар Статистика комитетінің Интернет-ресурсын таңдады. Пайдаланушылар саны тұрақты өсуде. Әрине, мемлекеттік статистикасының басты байлығы – бұл кәсіби кадрлар. Ақмола облыстық статистика департаментінде қазіргі уақытта 138 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 30 адам жеке еңбек шарттары бойынша еңбек етеді. Іріктемелі зерттеулер жүргізу үшін жыл сайын 200 адам тартылады. Статистика ұжымының 70 пайызын әйелдер құрайды. 29 басқарманың 18-ін немесе 62 пайызын әйелдер басқарады. 23 маман Қазақстан Республикасы Статистикасының үздігі атанды. Статистика департаментінің ұжымында еңбекқор қызметкерлер жұмыс істейді, күн сайынғы еңбектерімен қарапайым цифрларды облыс пен мемлекет үшін маңызды көрсеткіштерге айналдырады.
Департаментте әртүрлі жастағы адамдар қызмет атқарады, орташа жұмыс өтілі 13 жылды құрайды. Облыс статистикасын дамытуға және жетілдіруге Тян Цын-Бон, Белдеш Шүлембаев, Жеңіс Букин сияқты статистика ардагерлері қомақты үлесін қосты. Олар әртүрлі жылдарда облыстық статистика басқармасын басқарды. Басшылар мен қызметкерлердің жұмыстарын жеңілдеткен статистика механизациясының дамуы іске асырылды, дербес компьютерлер және өзге кеңсе техникасы енгізілді. Бұның бәрі статистикалық ақпарат өнімін шығаруды өсіруге мүмкіндік берді.
Еркін Көкенова, Наталья Авдеева, Гүлназия Сейдахметова, Алтын Қасымова, Людмила Лазорская, Любовь Шульгина, Күлназия Сейтембетова, Румия Болатова, Валентина Шевчук, Галина Мелихова, Галина Казачева, Мағия Умбеталиева, Галина Мягкова, Любовь Локштейн, Замария Жакеева, Наталья Шевченко, Марфуға Жаманбаева, Күлән Нұрышева және өзгелері саналы ғұмырын статистика саласына арнап, облыс статистикасының дамуына сүбелі үлестерін қосты. Бүгінгі күні еңбегінің зейнетін көріп жүрген жандар жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтудан жалыққан емес. Аға буынның орнына жас әрі білімді кадрлар келуде. Мемлекеттік статистиканың тарихы өз жалғасын табуда, біздің алдымызда статистиканың әрі қарай жетілуі және дамуы бойынша жаңа міндеттер тұр. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, департамент қызметкерлерін және статистика ардагерлерін100-жылдық мерейтоймен құттықтағым келеді. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын және еңбегінің жемісін тілеймін.
Ермек МУСИНА,
Ақмола облыстық статистика
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар