Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Рәшит Қайыржанұлы Әкімов сайланды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі №871 Жарлығына сәйкес 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында болды деп танылғанын хабарлайды.

39 кандидат дауысқа түсті. 3279 таңдаушының 3236-сы немесе таңдау-шылардың жалпы санының 98,69 па-йызы дауыс беруге қатысты. Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 12 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды.  Ақмола облысынан дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан Рәшит Қайыржанұлы Әкімов үшін 250 (92,9 па-йыз), Жүніс Болат Ғаббасұлы үшін 19 (7,1 пайыз) дауыс берілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Ақмола облысынан сайланған Рәшит Қайыржанұлы Әкімов, 1954 жылы туған, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Көкшетау қаласы, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 1 қазанда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар