Жәрмеңке жиілей түсті

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласындағы  Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров жәрмеңке сөрелеріндегі тауарларды аралап көріп, баға мен сапаға назар аударды. Жәрмеңкеде Ақкөл,  Еңбекшілдер, Целиноград, Шортанды аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және облыс орталығындағы қайта өңдеуші кәсіпорындардың  өнімдері ұсынылды. Бұл күні азық-түлік өнімдері нарық бағасынан арзандау болғандықтан халық та көп болды. Қала тұрғындары жылқы етінің келісін 1100 теңгеден, ірі қара мал мен қой етін 900 теңгеден сатып алып жатты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары әр сауда орнында болып, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында ұйымдастырылып отырған жәрмеңкедегі азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасына назар аударды. Сондай-ақ,  бүгінгі бағаның күйіп тұрған уақытында осындай жәрмеңкенің тұрғындар үшін жақсы қолдау екенін атап өтті. Қала тұрғындарына алдағы уақытта да осындай жәрмеңкелердің ұйымдастырылатындығын хабардар етті. Жалпы құны  97,6 миллион теңгенің көлемінде 343,1 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері саудаға шығарылды.
–Жәрмеңкеде азық-түлік бағасы нарықтағыдан едәуір арзан. Мен мұнда он жұмыртқаны 150 теңгеге сатып алдым. Ал, ол базарда 200 теңге тұрады. Сүт пен көкөніс те үйдікі, – деді зейнеткер Дәмеш Биболсынова.
Жәрмеңкеде Ақкөл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айжан Дәукеновамен жүздестік. Ақкөлдіктер 9 миллион теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліпті. Сауда шатырларында Еңбек, Новорыбинский, Урюпинский және өзге де селолық округтеріне қарасты шаруа қожалықтарының ет және сүт өнімдері саудаланды. Әсіресе, «Үшбұлақ» құс фабрикасының жұмыртқасы мен «Оконек» сүт зауытының өнімдері сөреде көп  жатпады.
Облыс орталығындағы сауда орындарымен салыстырғанда  бағасы арзан жәрмеңкенің жәрдемі қарапайым жұрт үшін өте қолайлы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар