Өсім беріп отырған табысымыз бар

Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл санап жақсарып келеді. Өңір бюджетіне тау-кен өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы арқылы мол қаржы түсті. Ауданның негізгі капиталына инвестиция тартылуда.

Осының арқасында тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Білім, мәдениет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының нысандары жөнделді. 2020 жылдың 9 айында аудан кәсіпорындары 2015,8 миллион теңгенің өнімін шығарды және өнеркәсіп қызметін көрсетті. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзім деңгейінің 67,9 пайызы. Жалпы көлем индексі 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 67,9 пайызды құрады. Тау кенін өндіретін өнеркәсіп 45,6 миллион теңгенің, өңдеуші өнеркәсіп 1258,1 миллион теңгенің өнімін өндірді. Электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауаны кондициялау салаларында 280,9 миллион теңгенің өнімі өндірілді, өнеркәсіп қызметі көрсетілді. Сумен қамтамасыз ету мен кәріз, қалдықтарды жинау және тарату бақылау жүйесінде 430,9 миллион теңгенің өнімі өндірілді және қызметі көрсетілді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3512,1 миллион теңгені құрады.
Егін орағы агротехникалық қысқа мерзімде басталып, бұл жұмысқа 56 серіктестік, 423 шаруа қожалығы, 892 комбайн тартылды. 603,8 мың гектар алқаптан 543,4 мың тонна астық жинап алынды. Аудан бойынша 39,9 мың тонна қажетті шөп дайындалды. Шаруашылықтар мал басын сақтап қалу үшін азық дайындаудың барлық шараларын қолға алды. Өңірде 6655 бас ірі қара, 25290 қой мен ешкі, 9855 шошқа, 6346 бас жылқы, 46454 құс бағылады. Тірі салмақта ет өндірісі өсіп, 2057,6 тонна ет, 8166,6 тонна сүт, 2741,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ауданның негізгі капиталына 2912,4 миллион теңге тартылды.
Инвестиция тартудың негізгі көзі жергілікті бюджет және жеке меншік қаржысы есебінен болды. 2020 жылдың 9 айында құрылыс жұмысының көлемі 1240,7 миллион теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысына 680 миллион теңге инвестиция тартылды. 4947 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Есептік кезеңде бөлшек сауда айналымының көлемі 1412,1 миллион теңгені құрады. Қаржылық-бюджеттік саланың жағдайына келсек, үстіміздегі жылдың 9 айында аудан бойынша мемлекеттік бюджетке 1526,1 миллион теңге қаржы түсті, 214,6 миллион теңге түспей қалды. Осы есептік кезеңде аудан бюджетіне 4004,9 миллион теңге, оның ішінде меншікті кірістен 894,1 миллион теңге құйылды. Шығын жоспарының орындалуы қамтамасыз етілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 931 миллион теңгенің 9 жобасын жүзеге асыру қарастырылды. Бұл жобалардың төртеуі білім, екеуі мәдениет, үшеуі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бағытталды. Жобалар бойынша 6 нысанның жұмысы аяқталды. 259 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 130 жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды. Барлық 9 нысанда жаңа жұмыс орнын ашу жоспары 100 пайызға орындалды. Аталмыш бағдарлама аясында қаржы білім саласының әлеуметтік маңызды нысандарына бағытталды. Державинск қаласындағы Н.Крупская, А.Үкібаев атындағы орта мектептерге қомақты қаржы бөлініп, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, А.Үкібаев атындағы мектептің шарбағы жөнделді. Әлеуметтік сала жөнінде айтатын болсақ, есептік кезеңде нақты секторда 618 жаңа, оның ішінде 446 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту органына 374 адам жұмыс іздеп келді. Олардың 58,6 пайызы әйелдер, 37,9 пайызы жастар. Осы 9 айда 489 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 82 адам жіберілді. Есептік кезеңде жұмыссыздар саны 138 адамды құрады. 2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары аясында 115 адам жұмыспен қамтылды. Олардың біразы әлеуметтік жұмыс орнына, қысқа мерзімді оқуға, жастар тәжірибесіне жіберілді. 12 адам шағын
несие алды, 33 адам «Бастау бизнес» кәсіпкерліктің негізгі курсында оқыды. 2020 жылдың екінші тоқсанында нақты орташа еңбекақы 132 мың 997 теңгені құрады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Уәлиханов селолық мәдениет үйіне қарыз қаржысы бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, жылу және электрмен қамтамасыз ету жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Гас-телло, Львов, Пятигор селолық мәдениет үйлерінің шатыры жөнделді. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен Пятигор селолық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын дамытуды, көлік инфрақұрылымының нысандарын жөндеуді қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттің трансферттері қарастырылды. Державинск қаласындағы Молодежный шағын ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй қалпына келтірілді.
Осы шаһардың тазалағыш нысандары бар кәріз жүйесінің жұмыс істеуіне, жылу беретін кәсіпорындарының жылу беру маусымына дайындығына қомақты қаржы бөлінді. Сондай-ақ, аудан орталығының көше жолдары жүйесі орта жөндеуден өтті. Ауданның сумен қамтамасыз ету жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Денсаулық саласы жөнінде айтсақ, тұрғындардың туу саны 8,7 пайызға өскені байқалады. Өлім саны 7,6 пайызға азайды. Сәбилердің шетінеу саны көбейгені байқалады. Биылғы жылдың 9 айында 3 сәби қайтыс болды. Сондай-ақ, туберкулезбен ауырғандар саны өсті. Бұл аурумен биылғы жылы 5 адам сырқаттанды. Дем алу жолдарының инфекциясы көп өскені байқалады. Бұл бағытта 353 адам тіркелді. Есептік кезеңде қылмыс деңгейі 33 оқиғаға азайғаны байқалады. Осы жұмыстардың бәрі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер барын көрсетеді.

Мұрат БАЛПАН,
Жарқайың ауданының әкімі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар