Жерлестеріміз ерледі!

Көкшетаулық «Ұшқын Көкшетау» ерлер волейбол командасы ел кубогінің күміс жүлдегері атанды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Өскемен қаласында волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты кубогінің финалдық жарысы өтті. Бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған сегіз команда қатысты. Оның ішінде Ақмола облысының атынан «Ұшқын Көкшетау» командасы бақ сынады.
Жерлестеріміз ел чемпионы Алматының «Буревестник» командасынан 3:2 басым түсті. Жартылай финалда ақмолалықтар тараздықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Тек финалда атыраулық волейболшылардан ғана ұтылып, жүлделі екінші орын алды. Жерлесіміз Қанат Ғабдуллин чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар