Тұмауға қарсы екпе жүргізілуде

Тұмауға қарсы екпе жүргізілуде

Облысымызда 70 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл ұжымдық иммунды қалыптастыру үшін екпе салу жоспарланған адамдардың 97 пайызы.

Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, облыста тұмауға қарсы екпе 655 жүкті әйелге, 7 405 медициналық қызметкерге, 4 060 медициналық бақылауға алынған ересек пен балаға, жиі сырқаттанатын үш жасқа дейінгі 211 балаға, 330 ата-анасыз жетімге, 1 273 медициналық-әлеуметтік көмек алушыға, жүрек-қантамыр ауруымен ауыратын 21 585 науқасқа және басқа да дерттермен ауыратын 35 249 адамға салынды.
Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 15-інде облысымызда тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталған болатын. Облыс аумағында екпе егетін 293 ем-шара кабинеті бар. «Қауіпті» топтағы тұлғаларға екпе егу үшін тегін 82 048 вакцина қарастырылған. Осы бағытта жергілікті бюджеттен 13 миллион 962 мың теңгеге 16,1 мың ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Бұл вакцина биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егілуде.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *