Мәслихаттың партиялық тізімі жаңа есімдермен толықты

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық партия филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы болып өтті.

Конференцияда «Nur Otan» партиясының Көкшетау қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, Ақмола облыстық мәслихатының партиялық тізіміне үміткерлерге құпия рейтингтік дауыс берудің қорытындысын шығару, «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалы атынан Көкшетау қаласы бойынша мәслихат депутаттарын сайлаудың партиялық тізімін бекіту, партияның Ақмола аумақтық филиалының ХХXIII кезектен тыс облыстық конференциясына қатысатын делегаттардың тізімін бекіту мәселелері қаралды.

Шараға «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалының төрағасы, қала әкімі Амангелді Смайыловтың төрағалығымен өткен конференцияға сайланған 73 делегат түгел қатысты.

Партия төрағасы Амангелді Халауденұлы конференцияда Көкшетау қаласы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды. Бағдарлама бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында, қала активінің кездесуінде, праймеризге қатысушылардың пікір таластары кезінде талқыланған болатын. Талқылау кезінде сайлаушылардан 28 өтініш түскен. Оның басым бөлігі жол құрылысының сапасы, әлеуметтік сала нысандарын жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа мәселелерге қатысты болды. Сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, делегаттардың бірауыздан дауыс беруімен бағдарлама бекітілді.

– Халықтың негізгі мәселелерін ескере отырып, біз қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына қажетті бірнеше басымдықты белгіледік. Қала тұрғындарының қолдауымен бағдарламаның толық жүзеге асатынына сенімдімін, – деді «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалының төрағасы Амангелді Смайылов.

Конференцияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақмола облыстық мәслихатының партия тізіміне енгізілетіндер арасында пікірсайыстар өткізуге қатысты «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық өкілдік квотасына сәйкес 14 үміткер таңдалды. Тізімдегілердің көпшілігі шағын және орта бизнес, білім саласы, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері. Талдау нәтижесі көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлес саны 3 есе артқан. Сөйтіп, 11-ден 30 пайызға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 20 пайызға дейін көбейген. Осылайша үміткерлердің орташа жасы 49-дан 44 жасқа дейін төмендеген. Конференция барысында  облыстық партиялық тізімге үміткерлер арасында «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайыстар өтті. Қалалық және облыстық конференциялардағы үміткерлер арасындағы пікірсайыстар екінші деңгейдегі праймериз шеңберінде өтіп жатқанын атап өткен жөн. Делегаттар есептік комиссияның бақылауымен электронды құпия рейтингтік дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады.

Нәтижесінде облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов, «Bolashag saraiy» директорының міндетін атқарушы Айнагүл Балташева, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев, «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінің директоры Асен Жақсылықов, «КАИК» серіктестігі бас директорының орынбасары Талғат Жүнсіов, «Той Дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская және «Камаз-Инжиниринг» акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Кистин басым дауыспен облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне енді.

Сонымен қатар, партияның Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының 30 пайыздық квотасымен қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді және кезектен тыс облыстық конференцияға делегаттарды ұсыну тізімін бекіту мәселесі  Саяси Бюрода қаралып, 25 үміткер қалалық партия қатарына қосылды. Олардың ішінде 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар – 30 пайыздан кем емес және 35-ке дейінгі жастар – 20 пайызды құрайды.  Сөйтіп, қалалық партия тізімі бірауыздан бекітілді.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысатын 17 делегаттың тізімі бірауыздан бекітілді. Мәжіліс пен мәслихат сайлауына кандидаттарды ұсыну науқаны басталып жатыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Соған орай, Көкшетау аумақтық филиалында сайлауалды штаб құрылды. Штабтың жетекшілері «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова болса, орынбасары болып Назгүл Есмағұлова белгітілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар