Үздік ұстаз – Ерейменде

 Ерейментау қаласында Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекай Нұрмұханов республикалық «2015 жылдың үздік педагогы» байқауына қатысып, Гран-Приге ие болды.

Байқау барысында аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілген 16 ашық сабағы сарапқа түсіп, оқушыларының қол жеткізген табыстары таразы басына тартылған.
Жуырда ғана Мұғалім күні мерекесі құрметіне «Арқа ажары» газеті ұстаздық еңбек жолы туралы кеңінен сыр шерткен ақмолалық педагогтың республикалық байқауда топ жаруы облысымыздың білім саласы үшін зор мәртебе.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар