Қытайдың партия мектебінде болды

«Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі мен Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Жоғары партия мектебі арасындағы меморандум негізінде құрамында он адам бар «Нұр Отан» партиясының делегациясы Далянь қаласындағы Қытай Коммунистік партиясының партия мектебінде болып қайтты.

– Партиялық делегация Қытай Коммунистік партиясы Жоғары партия мектебінде партияаралық әріптестікті одан әрі дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында болып қайтты. Сапар барысында біз Қытай Коммунистік партиясының ұйымдық және идеологиялық мәселелерді шешу әдістері мен кадрларды даярлау және оқыту, сондай-ақ, партияның жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарымен таныстық, – дейді осы делегация құрамында болған «Нұр Отан» партия-сы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Осы сапарда біздің жақ Қытай Компартиясының бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізіліп, тұрғындармен жұмыс жүргізудің тәжірибесімен танысқан. Даляньдағы партияның қалалық комитеті жанындағы партия мектебі 1947 жылдың мамыр айында ашылған екен. Әр жыл сайын мектептің күндізгі бөлімінде үш мыңға жуық адам оқытылса, онлайн жүйесінде 48 мыңға жуық адам білім алады. Далянь партия мектебі әлемнің отыздан астам мемлекетімен партиялық және саланы зерттеу бағытында әріптестік қарым-қатынас жасайды. Оқытушылар құрамында 80 профессор бар, оның 26-ы ғылым докторы, 164 қызметкер еңбек етіп, 665 аспирант білімдерін жетілдіруде. Әр жыл сайын осы мектепте екі жүзден астам диссертация қорғалады. 2014 жылы 14 қоғамдық-саяси проблемаларға арналған зерттеу жобалары жарияланған.
Сөз арасында Қытай Халық Республикасы Коммунистік партиясының саяси күштерімен байланысты нығайту мақсатында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған делегация қыркүйек айының 17-і күні аспан асты елінде болып қайтқандығын еске сала кетелік. Екіжақты кездесу барысында екі партияның 2015-2017 жылдар аралығындағы әріптестік хаттамасына қол қойылған. Сондай-ақ, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Жоғары партия мектебімен «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі 2015-2017 жылдарға арналған  әріптестік туралы келісімге келіп отыр.
Диана АХМЕТОВА,
«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар