Қазақ білсін!

Үш санындағы ұшқыр ой

Үш жұрт
Ағайын жұрт. Нағашы жұрт Қайын жұрт.
Үш байлық.
Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.

Үш би
Үйсін Төле би. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. Алшын Әйтеке би.
Үш дана
Абай. Шоқан. Ыбырай.
Үш қат
Жоғары қат (аспан). Орта қат (жер үсті). Төменгі қат (жер асты).
Үш қуат
Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
Үш ғайып
Ажал ғайып. Қонақ ғайып. Несібе ғайып.
Үш арсыз
Ұйқы арсыз. Тамақ арсыз. Күлкі арсыз.
Үш дауасыз
Мінез. Кәрілік. Ажал.
Үш қадірлі
Ырыс. Бақ. Дәулет.
Үш қадірсіз
Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.
Үш жамандық
Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабаның көзі – ескі жұртты бұзу.
Үш жақын
Жан тәтті. Бала тәтті. Жар тәтті.
Үш ақиқат
Қымбат – шындық, арзан – өтірік, дауасыз – кәрілік.
Үш қуаныш
Алғыс алу. Өзіңді көптің іздеуі. Ісіңнің өшпеуі.
Үш биік
Билік. Дәулет. Даналық.
Үш асыл
Көз. Тіл. Көңіл.
Үш артық
Адалдық. Еңбексүйгіштік. Өнерпаздық.
Үш ынтық
Еркін өмір. Құрметке бөлену. Пайдалы еңбек ету.
Үш тұл
Қайратсыз ашу тұл. Тұрлаусыз ғашық тұл. Шәкіртсіз ғалым тұл.
Үш апат
Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. Үкіметті сыйламау. Асты ысырап ету.
Үш кедейлік
Кежірлік. Еріншектік. Ұйқы.
Үш кемдік
Надандық. Еріншектік. Зұлымдық.
Үш бақытсыздық
Жаман ат. Жаман қатын. Жаман көрші.
Үш көз
Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам
Ақыл – арқан. Ой – өріс. Адам – қазық.
Үш қасиет
Өліде – аруақ.
Малда – кие.
Аста – кепиет.
Үш тағлым.
Мейірім сауап.
Жақсылықтан – шарапат.
Жамандықтан – кесапат.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар