Тың жобалардың берері мол

Бұдан жарты ғасыр бұрын ашылған ірі кәсіпорын елімізде осы сала дамуының барлық кезеңінен өтіп келеді. «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін зауыт Ақмола облысында машина жасау ісінің көш басында тұр.

Мұндағылар зауыттың бай тарихын, жұмыстың бай тәжірибесін және ең бастысы кәсіпорынның бағалы капиталы болып табылатын өз ұжымын мақтаныш етеді. Зауыт тарихы – бұл еңбексүйгіштік, мақсатқа ұмтылу, ұжымның шыдамдылығы мен сенімді стратегиясының тарихы. Еңбек ұжымы мақтаныш ететін жаңалықтар баршылық. «Тыныс» акционерлік қоғамы өнімінің сапасы біздің еліміздің гүлденуінің кепілі.
Зауыт 56 жылдан бері Қазақстанның машина жасау саласындағы озық кәсіпорындардың бірі атанды. Өз өнімін үздіксіз шығарып, өнімнің жаңа түрлері мен кәсіпорын жұмысының жаңа бағытын игерді. Бұны зауытты салып, пайдалануға берген әрі саналы ғұмырын осы кәсіпорынға арнаған жұмысшылардың баға жетпес еңбегі деп білеміз. Өз еңбектерімен құрметке ие болғандардың есімдері зауыттың жыл жазбасында басты орын алады. Кәсіпорынға жаңа келген жастар үлкендердің еңбегіне сыйластықпен қарап, қажетті тәжірибе алу үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Сонау елуінші жылдары еліміздегі өңдеуші кәсіпорындардың дамуының барысына зауыт белсенді қатысқанын біреу білсе, екіншілері біле бермейді. Кәсіпорын барлық кезеңде өнеркәсіптің алдыңғы қатарында тұрды. Мемлекет бізге сенім артып, жоғары талаптар қойды. Зауыт сенімді ақтап, талаптарды орындап жатқанын айта кеткен жөн.
Бүгінгі таңда «Тыныс» акционерлік қоғамы көп салалы кәсіпорын. Оның құрамына авиация өнімдерін, өрт сөндіру құралдарын, полиэтилен құбырын жасау, газдалған қалып арқылы құю, әскери және азаматтық противогаздар, қарулы күштер жабдықтарын, темір жолдың электр жүйесі үшін детальдар, сұйық зат шығынын есептеу аспаптары, медициналық қондырғылар, газды жабатын арматура жасау бөлімшелері кіреді. Соңғы жылдары мұнайгаз және темір жол секторындағы Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық компанияларының қажеттілігі үшін өнімдердің үлкен тізімі игерілді. Авиациялық өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей мен Беларусьтің авиажасау және авиажөндеу кәсіпорындары. Кәсіпорынның өнімін сату саясаты ішкі және сыртқы рыноктарға бағытталған. Өндірістің жалпы көлеміндегі авиациялық өнім экспортының үлесі 47 пайызды құрайды.
«Тыныс» акционерлік қоғамы өз жұмысында өндіріс көлемінің көрсеткіштері, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы сияқты өсудің оң әрі тұрақты жолы бар. 2009 жылдан бері сату көлемі үш есе өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 6 миллион 671 мың теңгені құрады. Кәсіпорында сынақ орталығында барлық өнімдер сынақтан өтеді. Сондай-ақ, әскери қабылдау институты жұмыс істейді. ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкес 2004 жылы «TUV NORD» неміс компаниясында сертификатталған сапа менеджмент жүйесі тиімді жұмыс атқарды. «Тыныс» акционерлік қоғамы отандық және халықаралық көрмелерге қатысқаны үшін марапатталды.
Технологиялық үдерістердің қазіргі заманғы деңгейі мен мамандардың жоғары кәсіби шеберлігі шығарылатын өнім өндірісінің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Қоғам стратегия-сы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Осының нәтижесінде өндіріс жаңғыртылып,  әртараптандырылды. Жұмыстың жаңа бағыты игерілді. Мұндай жобалардың бірі 2005 жылы жүзеге асырылған су және газ құбырлары үшін диаметрі 10-нан 250 миллиметрге дейінгі «Полиэтилендік құбыр өндірісі» инвестициялық жобасы болып табылады. Жоба республика тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Желіні Елбасы іске қосты. Полиэтилен құбырының сапасы алдыңғы қатарлы КРАУС МАФФАЙ неміс өндірушісінің қондырғыларымен қамтамасыз етіледі.
2009-2010 жылдары «Полиэтилендік құбыр өндірісі» жобалары жүзеге асырылып, диаметрі 110-нан 1000 миллиметрге дейінгі полиэтилен құбырлары шығарыла бастады. 2012 жылдың төртінші тоқсанында акционерлік қоғам «Бронежилет өндірісі» инвестициялық жобасын жүзеге асырды. Осы мақсатта зауытта бронежилет тігетін орын ұйымдастырылды. Арнайы бөлме жөнделіп, қондырғылар орнатылды. 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Технология трансферті шеңберінде жұмысшылар бронежилет тігудің оқуынан өтіп, өндіріс технологиясын ойдағыдай игерді.
Өткен жылы «Жылына мың тоннаға дейін газдалған модельдер бойынша құю өндірісін игеру» және «Матаға жатпайтын материалдар өндірісі» инвестициялық жобалары жүзеге асырылды. Су өтпейтін, иілгіш, матаға жатпайтын синтетикалық материалға «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен мұнайгаз компания-
сы тапсырыс береді. «Тыныс» акционерлік қоғамы мақтан ететін дүниелер жетерлік. Бірақ, ең басты құндылық еңбек ұжымы болып табылады. Біз үшін машина жасаушылар мен еңбек күндері нағыз мереке. Осы күні зауыттың ең лайықты еңбек озаттары әртүрлі деңгейдегі құрмет грамоталарымен марапатталды. Мерейтойда кәсіпорынның барлық еңбеккерлеріне қомақты ақшалай сыйлық берілді.
Сөз соңында елімізде  береке бірлік болып, ірі кәсіпорындар көбейе берсін дегім келеді.

Қуаныш РЫСПАЕВ,
«Тыныс» акционерлік қоғамының
бас директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар