Жерлестеріміз жүлдегер атанды

Жерлестеріміз жүлдегер атанды

Ақмолалық зілтеміршілер онлайн режимде өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында бір алтын және үш қола медаль иеленді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемияға байланысты жарыс онлайн форматта жастар мен балғындар арасында ұйымдастырылды. Төрешілер қашықтықтан спортшылардың өнерін бағалап отырды. Жарысқа Ақмола облысы атынан Атбасар, Степногорск және Көкшетау қалаларының зілтеміршілері қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Олардың арасында 87 салмақта сынға түскен Карина Құзғынбаева 214 келіні (94+120) көтеріп чемпион атанды. Сонымен бірге, 76 келі салмақта Виктория Новикова – 174 келіні (79+95), 96 келі салмақта Александр Сахнов – 250 келіні (110+140) және 109 келі салмақта Сергей Палагин – 264 келіні (118+146) бағындырып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *