Олжабай батырдың кесенесі жаңартылды

Олжабай батыр – Орта жүздің арғын руынан шыққан қазақтың даңқты батыры. 1709 жылы дүниеге келіп, 1783 жылы қайтыс болды. Оның арғы атасы Айдабол кезінде би болған адам. Әкесі Толыбай «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» ұлт-азаттық соғыс кезінде елді жаудан қорғап жүргенде оққа ұшып, қайтыс болды. Сол кезде он үш жастағы Олжабай нағашысы Қаратай батырдың қолында тәрбиеленеді. Олжабай жас кезінен ержүрек батырлығымен көзге түседі. Ер жеткен соң елді, жерді қорғау үшін жоңғарлармен болған талай шайқасқа қатысады. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері – Баян-ауыл баурайындағы өткен шайқас. Олжабай батыр, жиені – Жасыбай батырмен жаудың жолын тосқауылдап жатады. Жасыбай батыр сарбаздарымен Шойынкөлге өтетін асудың іргесіне, ал, Олжабай батыр Торайғыр көліне өтетін асуына бекінеді. Жау әскері Жасыбай батырға тосыннан келіп тиіседі. Осы шайқаста Жасыбай батыр қаза табады. Олжабай батыр жауға қырғидай тиіп, жаулармен батыл соғысты. Олжабайдың сұсты жүзін көрген досы Төртуыл Баймұрат батыр «саған қарсы келер ешкім қалған жоқ, демал, маған жаумен соғысуға мүмкіншілік бер» – дейді. Сонда ол «Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ қой» – депті. Олжабай батырдың есімі Орта жүзге ұран болған. Халықтың шежірелерінде, ауызша әңгімелерінде Олжабай туралы өте көп айтылады, өлең-жыр, дас-тандар да баршылық. Онда Олжабайдың батырлығы, тапқырлығы, мергендігі ерен сүйіспеншілікпен сөз болады.
Әйгілі ғалымдар: академик Ә.Марғұлан Олжабайдың шөпшегі болса, ақын О.Сүлейменов жетінші ұрпағы.
Олжабай батырдың жерленген орны Ақмола облысы Ерейментау ауданының Олжабай батыр ауылындағы Олжабай Төлебайұлының бұрынғы қабірі жаңартылып, оның орнына жаңа кесене ескерткіш тұрғызылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар