Салтымызбен сабақтастырып

 

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» облыстық байқауы, әрі гала-концерті болып өтті. 

 

Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында өткізілген аталмыш байқауға Есіл, Жақсы, Астрахан, Бұланды, тағы басқа аудандардан ырыс-ынтымағы, бірлігі жарасқан отбасылар қатысты. Бірі халқымыздың бұрыннан келе жатқан дәстүрі «Бесікке салуды», енді бірі «Тұсау кесу» салтын сахналаса, жанұялардың көбісі домбырамен күмбірлете ән шырқады.
Қазылар алқасының мүшелері ақылдаса келе, Бурабай ауданынан келген Сейтімхан Аймаханның отбасын жеңімпаз деп тапты. Өйткені, басқа қатысушылардың ішінен осы жанұяның өнері озық болды. Байқауға өздері шығарып алып келген «Мерейлі отбасым» авторлық әні көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Ал, екінші және үшінші орындарды есілдік Шатило және  жарқайыңдық Серікбаевтар отбасылары иеленді. Олардың барлығы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.         

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар