Телефонына қоса, ақшасын ұрлап тынды

Бұланды ауданының полицейлері «Kaspi Gold» картасынан ақша ұрлаған ұрыны ұстады.

Аудандық полиция бөлімшесіне Капитоновка ауылының тұрғыны аудан орталығы Макинск қаласында болған кезінде ұялы телефонын жоғалтқанын, онда анасына тиесілі «Kaspi Gold» картасын байланыстырумен Kaspi.kz қосымшасы орнатылғаны туралы шағым айтқан. Кейін картадан 46 мың теңге сомасында ақша қаражаты ұрланғаны белгілі болды.
Бұланды аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен жедел уәкілі осы оқиға бойынша Вознесенка ауылының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Оның қыркүйек айының басында Макинск қаласына келіп, дүкендердің бірінің жанында жас жігіттен 10 мың теңгеге ұялы телефон сатып алғаны белгілі болды. Кейінірек, үйде Вознесенка ауылындағы ер адам телефонға Kaspi.kz. қосымша орнатылғанын анықтады, төрт бірдей саннан тұратын парольді таңдау арқылы қосымшаға кіріп, барлық ақшаны картаға аударған екен.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, процестік мәжбүрлеу шарасы: «Келу туралы міндеттеме» таңдалды.
Осындай жағдайлардың алдын алу және олардың жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция бас және кіші әріптердің, сондай-ақ сандар мен символдардың тіркесімінен тұратын сенімді парольдерді орнатуға, оларды мезгіл-мезгіл өзгертуге шақырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар