Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов: «Қолда бар мүмкіндіктер біртіндеп кәдеге асырылуда»

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының он айындағы қорытындылары жайлы айта келе, жүзеге асырылған жобаларға және алда тұрған міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, әкім ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану мүмкіндіктері қарастырлып жатқанын тілге тиек етті.

Алдымен, аудан әкімі өз есебін Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауынан бастап, осы бағытта орындалған жұмыстар жөнінде баяндады. Мәселен, осы есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 102,1 пайызды, өсімдік шаруашылығында 148,3 пайызды, өнеркәсіп өнімі 103,4 пайызды құраған екен. Сондай-ақ, экономикаға тартылған инвестицияның өсімі 109,9 пайыз болыпты. Инвестициялық белсенділік құрылыс жұмыстарының көлемін 36,3 пайыз ұлғайтуға ықпал еткен екен. Жекеменшік тұрғын үй құрылысын салу 102,2 пайызға, бөлшекті тауар айналымының көлемі 91,7 пайызға орындалыпты. Өңірге биылғы жылы облыстық бюджеттен 3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген екен. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 9 жоба жоспарланса, оның 8-і мерзімінде аяқталыпты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жобаларына 1 миллиард 860 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, 183 адам жұмыспен қамтылған екен.
– Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, он айдың ішінде бұл сала 19 миллиард 265,3 миллион теңгенің өнімін өндірді. Оның 12 миллиард 541,4 миллион теңгесі мал шаруашылығына, 6 миллиард 653,6 миллион теңгесі өсімдік шаруашылығына тиесілі. Биылғы жылы 74 мың 123 гектар алқаптан астық, 621 гектар жерден картоп, 164 гектардан көкөніс жинап алынды. Мал шаруашылығы жөнінде айтатын болсақ, ет бағытындағы асыл тұқымды малдың саны артып келеді. Ол аудандағы жалпы мал басының 20 пайы-зын құрайды. Өңірде 3 мың басқа арналған «Жаңа Береке» серіктестігінің мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Келесі жылы Өлеңті және Еркіншілік ауылдарында екі мал бордақылау алаңын ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ауданның ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері мал бордақылау алаңына
1 385 бас ірі қара тапсырды. Ауданда 57 мың бас ірі қара бағылады. Соңғы үш жыл ішінде ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 1 398,6 миллион теңгенің, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 175,2 миллион теңгенің және мал шаруашылығы саласы 1 миллиард 223,7 миллион теңгенің субсидиясын алды,–деген аудан әкімі 142,8 мың гектар жер толық цифрландырылғанын айтты. Оның 10,9 мың гектар алқабы шабындық, 982,8 мың гектары жайылым жер екен. Ауданда қой саны 79 754 құрайды. Қой бағумен 115 шаруа қожалығы айналысады. Сондай-ақ, жылқы басы 28 473 жетіпті. Мал қыстатуға 125,9 мың тонна мал азығы дайындалған екен. Соңғы екі жылда тұлғаларға жер телімдері беріліп, бірқатар шаруа қожалықтары ашылыпты. Өңір жерді игеру жағынан облыс бойынша бірінші орыннан көрінген екен. Одан әрі аудан әкімі биылғы жылы Еркіншілік элеваторында «Астық Орда» серіктестігі жұмысын бастағанын айтты. Диірмен тәулігіне 90 тонна ұн тарта алады екен. Қазір астық өңдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
– Индустриялық секторда өнеркәсіп өнімінің көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 10,7 миллиард теңгені құрады. Оның негізгі үлесі электр энергиясын өндіруге тиесілі. Өндірістің өсуіне «Бірінші жел электр станциясы» серіктестігі үлес қосып, 124,1 миллион МВт электр энергиясын өндірді. «Ерейментау винд пауэр» серіктестігінің қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысы есебінен инвестиция көлемін өсіру жоспарлануда. 11 жел турбинасы жұмыс істейтін болады. Сөйтіп, аудандық бюджетке қомақты қаржы құйыла бастайды. «Голден Энерджи Корп» серіктестігі жобасының құрылысы 2019 жылы басталып, аудан бюджетіне қаржы түсті. Биылғы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында кәсіпорынның ашылу салтанаты өтеді. «Қызылту» серіктестігі молибден кенін өндіреді. Теміржол құрылысының жобасына 2,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Негізгі кен орнында мыс концентратының өндірісі артпақшы. Тұрақты 300 жаңа жұмыс орны ашылады. «Байменов» жеке кәсіпорнының шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісінің жобасы Ерейментау қаласында ашылмақшы. Бұл жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Көптен бері тұрып қалған Сарыадыр көмір кен орнын қалпына келтіру бо-йынша жұмыстар атқарылды. «Көмір ресурсы» серіктестігі 2020 жылдың мамыр айынан бастап қажетті әкімшілік ғимараттардың құрылысын бастады. Келесі жылы толық өндірістік циклге шығып 3 миллион тоннаға дейін көмір өндірілмекші. Екі жүзге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Аудан тұрғындарына тоннасы 4500 теңгеден көмір сатылуда. Барлық мекемелер осы көмірді пайдаланады. «Сарыадыр» көмір кеніші ауданымыздың әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларын 500 тонна көмірмен қамтамасыз етті,–деді Абай Әлжанов брифингте.
Өңірді индустрияландыру оған кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қатысуымен тығыз байланысты екені белгілі. Ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1599 құраған екен. 2019 жылғы кезеңмен салыстырғанда шаруа қожалықтарының саны көбейгені байқалады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы гранттық қаржыландыруға 3 өтінім берілген екен. Ауданда туризм индустриясының нысандарын көбейту үрдісі байқалады Қазақстанның қасиетті географиясы жобасының аясында Ерейментау ауданындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 20 киелі орын анықталып, туристік маршруттар белгіленіпті. Қызғылт түсті «Көбейтұзы» көлі биылғы жылы көлтеген туристердің қызығушылығын тудырып, келушілердің санын көбейтіпті. Осыған байланысты ниет білдірген азаматтар, «Көбейтұз», «Теңіз» көлдері бойында шипажай, демалыс үйлерін салып, инвестиция салуға дайын екендігін білдірген екен. «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Табиғи паркінің аумағында экскурсиялар ұйымдастырылыпты. Жақын болашақта Ерейментау ауданына туристер мен қонақтардың келуіне жол ашылмақшы. Одан әрі аудан әкімі ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке төленетін салық пен өзге де төлемдер жөнінде айтты. Бұл сома 872,7 миллион теңгені құрап, жоспар 13,6 пайызға, сондай-ақ, аудан бюджетінің шығыс бөлігі 98,1 пайызға орындалған екен.
– Ағымдағы жылдың 10 айында тиімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Мәселен, бұл бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 20 адам оқуға жіберілді, екінші бағыты бойынша 61 адам несие, 25 адам грант алды. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға 277 адам жіберілді. Пандемия кезінде 1507 адамға азық-түлік таратылды. Он бес отбасына тұрғын үйдің кілті берілді. Егде адамдар мен мүгедектер айлығында 4 590 азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге барлық жағдай қарастырылған. Бүгінгі күні санитарлық шектеу-лер жағдайында 22 мектеп қалыпты жұмыс істейді, 4 мектеп қашықтықтан жұмыс істейді. Ауданның барлық мектептері компьютерлендірілген және интернет желісіне қосылған. Жылу маусымына 5645 тонна көмір сатып алынды. Бестоғай орта мектебіне оқушыларды тасымалдайтын автобус, жылжымалы медициналық кешен, сандық стационарлық рентген және өзге де медициналық жабдық сатып алынды. Ауданда екі бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, өңірде ұлттық спорт ойындары жақсы дамыған. Атап айтқанда, ат спорты, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ ойындары республикалық деңгейге көтерілді,–деген аудан әкімі мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрлым салалары жөнінде айтып берді. Брифинг соңында журналистердің сауалдарына толымды жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар