Ақмола облысы «қызыл аймаққа» енді

Коронавирус пандемиясы бойынша Ақмола облысы қауіптіліктің «қызыл аймағына» енді.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның мәлімдеуінше, Ақмола облысы қауіптіліктің «қызыл аймағына» кірген. Әзірге карантинді күшейтілмей, бұл мәселе алдағы ведомствоаралық комииссия отырысында қаралатынын болып отыр. Жалпы, алдында ведомствоаралық комиссияның шешімімен бірқатар жеңілдетулер болған еді. Мәселен, сағат 23:00-ге дейін қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі ұзартылды. Алайда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан соң, одан әрі жеңілдету тоқтатыла бастаған. Сондай-ық, алдағы уақытта карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін.

Ол үшін қазіргі қалыптасқан жағдайға талдау жүргізілетін болады. Мәселен, өткен тәулікте 61 адамнан қауіпті індет анықталған. Әсіресе, коронавирустың Көкшетау қаласында көп тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жайт. Айталық, облыс орталығында 28 жағдай тіркелсе, Степногорск қаласында – 12, Бұланды ауданында – 6, Сандықтау ауданында – 5, Ақкөл ауданында – 3, Жақсы ауданында – 3, Біржан сал ауданында – 2, Есіл ауданында – 1, Бурабай ауданында 1 жағдай анықталған. Қазіргі кезде науқастар Егіндікөл ауданынан өзге барлық ауданда тіркелген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың мәліметінше, ресми статистика бойынша өңірде қараша айында коронавирустан 5 адам қайтыс болған. Қайтыс болғандардың барлығы хәл үстінде жатқандар және жасы ұлғайған, қант диабеті тәрізді дертпен ауырғандар екені мәлім. Осыған орай, өткен тәулікте  Үкімет басшысы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. Кеңесте коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» 5, «сары аймаққа» 2 өңір еніп отырғаны айтылды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар