Айым – жүлдегер!

Ауыр атлетші Айым Мұхаметжанова онлайн форматта өткен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионатында қола медальды қанжығасына байлады.

Жарысқа Ақмола облысының атынан Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларынан 18 зілтемірші қатысты. Пандемияға байланысты қашықтан өткен жарыста ерлермен бірге, әйелдерде де күш сынасты. Әйелдерден 49 келі салмаққа дейінгілер арасында жерлесіміз Айым Мұхаметжанова қос әдіс бойынша 122 (54+68) келіні бағындырып қола жүлдегер атанды.
–Онлайн күш сынасу әдеттегіден өзгеше. Біз үшін бұл жаңалық. Жалпы, нәтижем көңілімнен шықты. Алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын, – дейді спортшы қыз.
Ауыр атлетикадан Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Батырбек Оздоевтың айтуынша, коронавирустың салдарынан спортшылар біраз уақыт жарыстарға қатыса алмаған. Онлайн форматта спортшының нақты деңгейін анықтау мүмкін емес екен.
–Мұндай форматта жарысқа қатысу атлетшілеріміздің толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Адам көп жиналған жарыстарда өздерін қалай көрсететіні белгісіз, – дейді Батырбек Оздоев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар