Жаңа үйде көңіл жайлы

Капитоновка селосында тұратын екі көп балалы отбасына салтанатты жағдайда қайта жаңартылған тұрғын үйлердің кілті табыс етілді. Аталмыш елді мекеннің тұрғындары Сергей Чумаков пен Константин Биниман көп жылдардан бері «Журавлевка-1» серіктестігінде жұмыс істейді.

Олар тұрып жатқан баспаналарының тар әрі апатты жағдайда екенін айтып, ауыл әкімдігі мен серіктестік басшысынан көмек сұраған болатын. Бұл өтінішке бей-жай қарамаған серіктестік құрылтайшысы Ғалым Құдайбергенов өз еңбеккерлеріне қолдау көрсетіп, екі тұрғын үй сатып әперді. Бұл баспаналарға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, су құбыры тартылды. Осы тұрғын үйлерді пайдалануға беру салтанатында аудан әкімінің орынбасары Кенжебике Исмағамбетова құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі күні ауданда 478 көп балалы отбасы бар екенін, өткен жылы олардың 15 тұрғын үйге қол жеткізгенін айтты. Үстіміздегі жылы Макинск қаласының 42 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтылыпты.Серіктестіктің атқарушы директоры Тимур Андаров өз құттықтау сөзінде тұрғындардың, әсіресе, жастардың селодан кетпеуіне жағдай жасалатынын айтты.
– Сыртта оқитын жастарды қамқорлыққа алып, оларды жұмысқа орналастырып, тұрғын үй береміз. Капитоновка селосында ауыз су мәселесі шешілді, жолдар жөнделіп, спорт алаңы салынды. Ауылдық мәдениет үйінде жаттығу залын да ашпақ ойымыз бар,–деген серіктестік басшысы баспана иелеріне тұрғын үй кілтін табыс етті.
Айнұр ҚАЛИЕВА,
Бұланды ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар