Astra Zeneca компаниясының вакцинасы 70 пайыз тиімді екенін көрсетті

Astra Zeneca компаниясы мен Оскфорд университеті бірігіп жасап шығарған коронавирустың жаңа түрінен қорғайтын вакцина өзінің 70 пайыз тиімді екенін көрсетті. Сынақ барысында еріктілерге екі түрлі жолмен вакцина егіліп, нәтижесі әртүрлі болып шыққан.

Бірінші жағдайда шамамен 3 мың адамға жарты доза егілген, бір айдан соң толық салынған. Мұндай амал 90 пайыз тиімді екенін көрсеткен. Екінші жағдайда еріктілер бірден толық дозаны қабылдап, бір айдан кейін осы процедура қайталанған. Бұл амал 62 пайыз тиімді екенін көрсеткен. Осылайша екі тестің нәтижесін біріктіріп, орташасын шығарғанда Astra Zeneca компаниясы шығарған коронавирус вакцинасы 70 пайыз тиімді екенін көрсетті деп айтуға болады. Компания таратқан хабарламада вакцинаның +2 мен +8 градус аралығында сақтала беретіні, вакцина салуға ерекше жағдай керек еместігі айтылған.
Astra Zeneca компаниясы өнімді пайдалануға рұқсат етілсе, 2021 жылы 3 миллиардқа дейін өндіруге дайын екенін айтып отыр. Осыған дейін Pfizer дәрі-дәрмек компаниясы Covid-19 індетіне қарсы сынақтан өтіп жатқан вакцинасының коронавирустан 95 пайыз қорғай алатынын көрсетті деп мәлімдеген. Бірақ, бір кемшілігі, ол -70 градус аралығында сақталып, тасымалдануы тиіс. Қараша айында америкалық Moderna компаниясы да вакцинасының коронавирустан 94,5 пайызқорғай алатынын көрсетті делінген.
Ресейдің Гамалея атындағы институты Спутник V вакцинасы вирустан 92 пайыз қорғай алады дейді. Ресейлік вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңін аяқтамаса да, тіркеуден өткізілген.
Moderna вакцинаның әрбір дозасы 25-37 доллар аралығында болады деп отыр. Pfizer вакцинасының дозасын 18 долларға бағалайды. Спутник V жасаушылар вакцина дозасы бұдан да арзан болатынын айтуда. Ал, Astra Zeneca вакцина құны бәсекелестері айтқан бағадан арзан болады деп мәлімдегенмен, бағасы нақтыланбаған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар