Өнер де ұлтпен бірге дамып отырды

Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында облыстық «Қасиетті домбыра» байқауы мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

Облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің және  Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен өткен байқауға Көкшетау қалалық әкімдігі мен облыстық білім басқармасы қолдау білдірді.
Ұлттық өнерді өскелең ұрпақ пен өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтап,  олардың шығармашылық дамуына қолғабыс жасау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Көкшетау, Степногорск қалалары, Ақкөл, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарынан келген барлығы 25 жасөспірім қатысып, шеберліктерін ортаға салды.
Байқау жеңімпаздары үш аталым бойынша анықталды. Оның ішінде степногорлық Мадияр Қанафин «Үздік күйші» атанса,  Ақкөл ауданынан келген Құралай Нұрдуллаева «Үздік дәстүрлі әнші»,  бұландылық Шаман Өмірзақ «Үздік термеші» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.
Жеңімпаздар Көкшетау қаласының кубогы, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар