А.А.Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
  Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан
                     № 102

 

 

 

А.А.Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын беру туралы
 
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев
 Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан
                    № 103

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар