Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасалып отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Көкшетау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов облыс орталығындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша хабарлама жасады. Брифингте 2020 жылдың 3 желтоқсанындағы жағдай бойынша Көкшетау қаласында коронавирус індетін жұқтырған 2420 адам зертханалық тексеру бойынша расталғаны және қала дәріханаларында коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры бар екені айтылды.

Нақтырақ айтсақ, қыркүйек айында тіркелген 27 адамның 21-інде қауіпті індет анықталса, алтауы симптомсыз болды. Ал, қазан айында 152 тіркеліп, 92-сінен ауру белгілері анықталып, 60-сында аурудың жеңіл түрі байқалған. Сондай-ақ, қараша айында 890 жағдай тіркеліп, оның 554-інен коронавирус анықталып, 336-сы симптомсыз болғанымен, аурудың өршігені байқалады. Сонымен қатар, желтоқсанның алғашқы күндерінде 72 оқиға тіркелді. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілерімен пневмонияның 162 жағдайы тіркелген.
–Жалпы, қазан және қараша айларында қаланың медицина қызметкерлері арасында COVID-19 қауіпті індетінің 80 жағдайы тіркелген. Ауру анықталған әр науқастың жағдайы бойынша комиссиялық тексеру жүргізілуде, – деді Қанат Ысқақов.
Қалада қауіпті індеттің 355 белсенді ошағы болса, оның 78-і үй жағдайында тіркеліп отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында 200 науқас ем алуда, ондағы төсек-орын 47,3 пайызды құрайды. Бүгінгі күні қауіпті індетті жұқтырғандармен байланыста болған 635 адам үй карантинінде. Сонымен қатар, өте ауыр жағдайда 3 адам, ауыр жағдайда 15 адам емделуде. Өткен тәулікте 8 адам жазылып шыққан.
1 қыркүйектен бастап 24 нысанда COVID-19 ауруының 42 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 25 бала және мектепке дейінгі мекемелердің 17 қызметкері бар. Ауру анықталған адамдармен байланыста болған 516 адам тексеріліп, жақсы нәтиже көрсеткен. Биылғы оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында COVID-19 індетінің 56 жағдайы зертханалық тексеру бойынша расталған. Оның ішінде 20-сы тұрақты режимдегі студенттер арасында болса, 36-сы қашықтықтан оқыту студенттері арасында және 22 жағдай мектеп қызметкерлері арасынан тіркелген. Олармен байланыста болған 280 адам тексеріліп, ауру белгілері жоқ екені анықталған.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін 25 мектептің 1-11 сыныптарында 27453 оқушы бар. Олардың ішінен 1-4 кезекші сыныптарда 10752 оқушы, қашықтықтан 1616 бала білім алуда. Ал, 5-11 сыныптар арасында 15085 бала қашықтықтан оқытылуда. Қашықтықтан оқытылатын балалар санының басым болуы да жас ұрпақты коронавирус індетінен сақтандырудың бір амалы.
Профилактикалық сипаттағы іс-шаралар мақсатында құрамында жергілікті атқарушы билік пен полиция департаментінің өкілдері бар мониторингтік топтар Қазақстан Респуб-ликасы мен Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Карантин режимін сақтау үшін рейдтік іс-шаралар 2763 нысанды қамтыды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 37,0 миллион теңгеден астам сомаға 760 әкімшілік айыппұл салынған. Оның ішінде 76 заңды тұлғаға 21 миллион теңгеден астам, 347 жеке тұлғаға 16 миллион теңгеден астам айыппұл салынып отыр.
Халықпен белсенді ақпараттық түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, бейне және радио хабарландырулар арқылы қаланың барлық сауда үйлерінде жүзеге асырылады. Негізгі проблемалық мәселелердің бірі – санитарлық-карантиндік шараларды, яғни, маска кию режимі мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі алаңдатады.
2020 жылғы 7 қарашадан бастап Көкшетау қаласының карантиндік аймағының периметрі бойынша 6 санитарлық пост орнатылған. Оларда облыс орталығына кіретін көліктер мен адамдар қатынасы тәулік бойы жіті бақылауға алынған. Санитарлық бекеттерді айналып өту бойынша 13 материал толтырылған, сөйтіп, кінәлілерге 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.
Брифинг соңында Қанат Ысқақов журналистердің қойған сұрақтарына жауап беріп, жалпы коронавирус пандемиясынан емделу үшін Көкшетау қаласының дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қажетті екі айлық қоры жасақталғанын жеткізді. Айтуынша, бүгінгі таңда дәріханаларда вирус пен бактерияға қарсы дәрі-дәрмек пен медициналық маскалар жеткілікті көрінеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар