Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және Қазақстан Респуб-ликасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Владимир Николаевич Балахонцев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Өткен дүйсенбі күні облыс әкімі аппарат қызметкерлеріне өзінің жаңадан тағайындалған орынбасарын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Дулат Нұрмолдин Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болып сайлануына байланысты өз қызметінен босатылған болатын.
 
Владимир Николаевич Балахонцев 1967 жылы туған, екі жоғары білімі бар, Урал орман техникалық инс-титутын орман шаруашылығы инженері, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1991 жылғы сәуірде Петропавл қаласының орман шаруашылығы кәсіпорнының орманды қорғау инженері болып бастады. Осы кәсіпорынның бас орманшысы, кейін директоры болып еңбек етті. 2000-2002 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық жан-жануарлар және өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасының бастығы, 2002 жылғы желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы болып қызмет істеді.  
Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Есіл және Жамбыл аудандарының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2008 жылғы қараша мен 2012 жылғы мамыр аралығында Бурабай ауданының әкімі, 2014 жылдың маусымынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы «Заречный» ЖШС-нің атқарушы директоры лауазымында еңбек етті. Мерекелік медальдармен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар