Жас спортшыларымыз 11 медаль еншіледі

Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында ушу саньдадан өткен Қазақстан чемпионатында ақмолалық спортшылар екі алтын, алты күміс және үш қола медаль иеленді.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс Шымкент қаласында өтіп, онда ақмолалық жас спортшылар ерекше шеберлігімен көзге түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша Александра Иванова (48 кг) және Канафия Ая (65 кг) чемпион атанса, Виктор Престель (70 кг), Наталья Иванова (56 кг), Максим Евченко, Сабина Умарова (48 кг) және Ирина Горлачёва (45 кг), Ерсұлтан Ахметжанов (33 кг), күміс жүлдегер, ал, Мансур Сұңғатов (52 кг), Рафхат Қуанышбаев (42 кг), Дамир Әміржанов (39 кг) қола медаль иеленді.
Жас спортшыларды Нариман Әбдірахманов, Қуандық Мұратов, Кенжебек Құрманов және Алмаз Оразов жаттықтырады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар