Әсерлі мерекелік кеш

Көкшетау қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты  мерекелік кеш өткізілді.

Оған облыстық «Мұсылман әйелдер лигасының», «Ғалиябану» фольклорлық ансамблінің ұжымдары және зейнеткерлер шақырылды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының басшысы Айна Мысырәлімова құттықтау сөзінде зейнеткерлердің ерен еңбектерін атап өтіп, елге үлгі боларлық істеріне тоқталды.
–Бүгінде «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан құрылған «Аналар кеңесінің» біздің қоғамға сіңіріп жүрген еңбектері оразан зор,–деді Айна Ермекқызы. Шешен өз сөзінде аталарымыз бен әжелеріміздің ел байлығына, қоғам қазынасына қисапсыз еңбек сіңіргендіктерін, уақытпен санаспай қажырлы жұмыс істегендіктерін таратып айтып берді.
Олардың бейбіт өмірдегі еңбектері кейінгі жас толқын үшін әрдайым үлгі-өнеге болуға тиісті. Сонымен бірге, аға буынның адамгершілік қасиеті, кісілік парасаты жас толқынға жұғысты болуы үшін осындай жылыжүзді жүздесулердің, есті естеліктердің тигізер әсері мол. Бүгінгі күні ортамызда жүрген қарияларды құрметтеу кейінгі толқын үшін қасиетті парыз. Тек айлық шеңберінде ғана емес, бүкіл ғұмыр бойы үлкенін ардақтай білген елдің шаңырағы биік, іргесі мықты.  
Қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға шақырылған барлық қарияларға ерекше сый-құрмет көрсетіліп, әртүрлі сыйлық табыс етілді. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Ақмола Медиа Орталығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар