Бурабайда жаңа экспозициялық кешен іске қосылады

Бурабай курортында қазіргі уақытта Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа экспозициялық кешен ашылады. Құрылыс 2019 жылдың маусым айында басталған кешен ағымдағы жылдың желтоқсан айында жаңа мәдени-туристік нысан ретінде келушілерге өз есігін айқара ашады.

Жаңа экспозициялық кешен – бұл жай ғана мұражай емес. Ол мультимедиялық кеңістікті біріктіреді, онда барлығы заманауи компьютерлік ойындарға ұқсас, соның ішінде виртуалды шындыққа негізделетін болады. Кешен 7 аймаққа бөлінген. Бұл қазақтардың дүниетанымында жеті қасиетті, сиқырлы сан екені кездейсоқ емес. Бұл сан ғаламның барлық сапасын және адамның генетикалық кодын қамтиды.
Экспозициялық кешенде еліміздің тарихы баяндалатын бірнеше залдар, аттракциондар бар. Кешен бойынша саяхат «Қазақстандық арман» деп аталатын Лоббиден басталады. Әсерлі аттракциондардың бірі – «Самұрық құсының ұшуы». Небары 15 минут ішінде ұлы еліміздің барлық киелі, көркем жерлерін аралап шығуға болады. Музейді құрушылар тура мағынада Қазақстанның өткенін, бүгіні мен болашағын біріктірді. Ол тарихи орында Абылай хан алаңында орналасқан.
Сондай-ақ, экспозициялық кешенде Қазақстандағы жалғыз «Мәңгілік ел» мультимедиялық өмір ағашы немесе халық айтқандай, «шежіре» өсіп келеді. Осы ағаштың көмегімен әр қазақ өзінің отбасын, жүзін, тарихын, яғни, шыққан тегін біле алады. Зал ақпараттық және танымдық сипатта болады. Мұның бәрін жарық шоуы көрсетеді. Экспозициялық кешен бойынша саяхат кезінде мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, әр келуші залдан-залға мультимедиялық кеңістікке, тарихқа көбірек еніп, қызығушылығы артады. Әсіресе, бұл жас ұрпақ үшін маңызды. Саяхаттың соңында сіз қатты қуанасыз және таңғажайып көріністің керемет әсеріне бөленесіз.
Бұл жобаның басты мақсаты – Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау. Заманауи технологиялар арқылы негізгі ақпаратты ұсыну жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын едәуір арттырады. Сондай-ақ, жаңа туристік орын Бурабай курортына келетін біздің еліміздің тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызады деп сеніммен айтуға болады. Біздің еліміз үшін бұл шынымен, мұражай саласындағы үлкен жетістік. Демек, осы үлкен кешеннің ашылуын асыға күтеміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар