Есірткі тұтынып, көлік жүргізген

Биылғы жылдан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына өзгерістер енгізіліп, енді мас күйіндегі жүргізушіні бірінші рет көлік басқару құқығынан айыру мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу енгізілді.

2020 жылғы 2 қарашада Көкшетау қаласының жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде полиция қызметкері Зеренді ауылының 39 жастағы тұрғыны басқарған «Газель» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші Зеренді аудандық сотының 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес 36 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Бұған қоса, оның «Опиоид» қабылдау салдарынан есірткілік масаң күйде болғанын расталды.
Нәтижесінде полицейлер бұзушыға қатысты ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс бастады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар