Ұрылар көп ұзамады

Целиноград ауданының полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне түнде белгісіз адамдар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ұрлық жасағаны туралы хабар келіп түсті.

Атап айтқанда, серіктестіктің аумағына кіріп, қоймадан аспалы құлыпты бұзу жолымен жалпы сомасы 500 мың теңгенің тауарлы-материалдық құндылықтарын, атап айтқанда, автобөлшектер, канистрлер, «Нива» автокөлігінің доңғлақтарын, 4 дана аккумулятор батареясын ұрлап әкеткені туралы арыз келіп түсті.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қараменді батыр ауылының 23 жастағы тұрғыны мен Нұр-Сұлтан қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады, олардан ұрланған мүлік тәркіленді.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, процестік мәжбүрлеу шарасы: «келу туралы міндеттемесі» таңдалды.
Тәртіп сақшылары мұндай ұрлықтың алдын алу үшін ұйым басшылары ең сенімді қорғау құрылғысына да сенбеуін, бірінші кезекте кәсіпорын аумағын адаммен күзетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, бақылау камералары мен камераларды басқару датчиктерінен тұратын бейнебақылау жүйесін орнату керектігін ескертеді.
Бекзат ЫБЫРАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар