Жарыстағы табыс

Есіл қаласында жастар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысты ұйымдастырған жастар ресурстық орталығы.

Денсаулық күніне арналған сайысқа жеті команда қатысты. Бірден айта кету керек сайысқа қатысушылардың барлығы күні бұрын арнайы дайындық өткізіп, шеберлігін шыңдаған саңлақтар.
Жарыстың ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденова жарысқа қатысушыларды құттықтап, әрбір командаға сайыс барысында сәттілік тіледі. Жалпы, спорт сайысының денсаулық үшін өте пайдалы, ел жастарының осындай жарыстарға үзбей қатысуы маңызды екендігін айтып өтті. Қызулы жарыс күні бойы жалғасын тауып жатты. Сайысқа қатысушылар өз бойларындағы икемділік пен шеберліктерін танытып, алаңдағы айқасты қыздыра түсті. Жүлделі үшінші орынды №7 агротехникалық колледж ұжымы, екінші орынды жастар ресурстық орталығының командасы иеленсе, бірінші орынға Есіл ауданының әкімі аппаратының ұжымынан құралған команда ие болды.
Алдағы уақытта орталық дәл осындай жарысты жыл сайын өткізуді жоспарлау-да. Шынтуайтын айтқанда жастар үшін өткізілетін шаралар да оншалықты көп емес. Уақыттың тапшылығынан кейбір жас қызметкерлер қатыса да алмай жатады. Әйткенмен, спорт денсаулық кепілі екендігін үзбей насихаттаудың арқасында ынта танытушылар көбейіп келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар