Қандай банк шоттарына қол сұғуға болмайды

Арнайы шот – бұл қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда ондағы қаражат үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық көлемде қорғалған банк шоты. Арнайы шоттарды, мысалы, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақылар және өзге де төлемдер алатын, алимент алатын адамдар немесе білім беру жинақтау салымдарының иелері аша алады. Fingramota.kz арнайы шоттың несімен ыңғайлы екенін және оны қалай ашуға болатынын айтып береді.

Арнайы шоттар заңмен қорғалады

 Арнайы шоттарды банктер жеке тұлғаның талап етуі бойынша және банк шотын ашу туралы өтініште оның арнайы мақсаттағы шот екендігі көрсетілген жағдайда ашылады. Арнайы шоттағы қаражатқа банктердің және банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассолық өкімдері бойынша тыйым салуға, өндіріп алуға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында 2019 жылдан бері:

  1. Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған;
  2. Кәмелеттік жасқа болмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды бағып-қағуға арналған алименттерге;
  3. Азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ ақшалары төлемдеріне;
  4. Білім беру жинақтау салымдарына арналған шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салынған.

       Назар аударыңыз: арнайы шоттарға жоғарыда көрсетілген төлемдер ғана есептеледі және банктер төлем мақсатының тиісті коды және ақша жөнелтуші бойынша мұндай шоттарға ақшаның түсуіне бақылау жасайды!

Сондықтан да егер сіз жәрдемақы және әлеуметтік төлем алатын болсаңыз немесе, мысалы, кәмелеттік жасқа болмаған балалар үшін алимент алатын болсаңыз, онда банкте және «Қазпошта» АҚ-та «кәдімгі» карточкалық шот емес, арнайы шот ашуыңыз қажет. Шотты, әсіресе арнайы шотты ашпас бұрын барлық ақпаратты мұқият әрі толық оқып шығу қажет.

Арнайы шотты қалай ашуға болады?

      Арнайы шоттарды ашу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында көзделген. Банктегі менеджерге арнайы шоттарды ашу туралы сұрақтар қоюға қысылмаңыз.

Арнайы шот ашу үшін жеке басты куәландыратын құжаттан басқа банкке арнайы шоттың мақсаты көрсетілген өтініш беру қажет.

Алимент (кәмелеттік жасқа болмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды бағып-қағуға арналған ақшаны) алатын адамдар алимент өндіріп алу туралы сот актісінің көшірмесін немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған, оларды төлеу туралы нотариат куәландырған келісімді де қоса береді. Тұрғын үй төлемдерін есептеу және тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес мақсаттардағы төлемдерді жүзеге асыру үшін азаматтар ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алатындығы туралы анықтама қағазын ұсынулары қажет.

Арнайы шот қалай жабылады?

      Банкке өтініш жазу қажет. Егер банктік қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, өтінішті кез келген уақытта беруге болады. Банк шотын жапқан кезде клиенттің банк шотында қалған ақша сізге беріледі немесе сіздің талап етуіңіз бойынша банктік қызмет көрсету шартына сәйкес басқа банк шотына аударылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар нені есте сақтаулары қажет?

         Маңызды! Жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер, алимент (кәмелеттік жасқа болмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды бағып-қағуға арналған ақшаны) алатын адамдар өте сақ болып, «қол сұғуға» болмайтын шоттар ашулары қажет екенін қайталап айтамыз. Банк менеджеріне жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер, алименттер, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы төлемдерін және білім беру жинақ салымы туралы шарт бойынша жинақтау салымдарын есептеуге арналған арнайы шоттар ашу туралы сұрақтар қоюға қысылмаңыздар.

Егер сіздің арнайы шоттарды ашу және жабу жөнінде сұрақтарыңыз болса, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес алу үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің +7 (727) 237 1000 (жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) жедел желі телефоны бойынша, Fingramota@finreg.kz электрондық поштасына немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуге болады, қосымшаны мына сілтемелер бойынша жүктеп алуға болады:

App Store-да (https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211); Play Market-те (https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар