Әртүрлі жағдайларға байланысты кредит бойынша төлем кестесі бұзылса не істеу керек?

Кредит берушімен «жасырынбақ ойнау» қажет емес. Егер кезекті төлемнің мерзімі өтіп кетсе және түрлі себептермен кейінге қалдырылса, онда Сіз дүрбелеңге түсіп, банктен жасырынуға тырыспаңыз, сондай-ақ кешіктіру фактісін елемей қоймаңыз.

Бірінші кезекте не істеу керек?

Банкке өтініш жазу керек. Қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде банкке шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ мерзімін өткізіп алудың туындау себептері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат беруге құқылы.

Банктің жауабы қандай болады?

Өтінішті алғаннан кейін 15 күн ішінде банк ұсыныстарды қарайды және жазбаша түрде:

* ұсыныстармен келісетіні туралы;

* шарттарды өзгерту бойынша өз ұсыныстары жайлы;

* шарттарды өзгертуден бас тарту және мұндай бас тарту себептері туралы хабарлайды.

Банкке өтініш жасаудың қандай пайдасы бар?

Банкке уақтылы жүгіну қарыз алушының оң кредиттік тарихын сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар әрі қарай банктің іс-әрекеттеріне сот тәртібімен дау айтылған жағдайда, борышкердің бұл іс-әрекеттері оның пайдасына есептелуі мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар